Ережелер мен талаптар

Республикалық әдістемелік-педагогикалық

«Өрлеу – Шымкент» журналы

          «Өрлеу-Шымкент» республикалық әдістемелік-педагогикалық журналында ғылыми зерттеулер нәтижелерін білім беру қызметіне ендіруге бағытталған өзекті педагогикалық мәселелер бойынша ғылыми-зерттеу материалдарды, сонымен қатар, мұғалімінің кәсіби өсуіне, шығармашылық жұмысына, Қазақстан Республикасындағы педагогикалық қызметтің озық кәсіби, мәдени және өнегелік дәстүрлерін дамытуға ықпал ету мақсатында теориялық негіздер мен тәжірибелік кәсіби дағдыларды тиімді беруге бағытталған материалдар жарияланады.

«Өрлеу-Шымкент» республикалық педагогикалық журналы келесі міндеттерді шешуге қатысады:

  • оқырмандарды Қазақстан Республикасының білім беру саясатындағы басты өзгерістер мен өзекті бағыттар бойынша хабардар ету;
  • педагогика саласындағы отандық және шетелдік ғылыми тәжірибелермен таныстыру;
  • озық педагогикалық тәжірибені таратуға ықпал жасау;
  • шығармашылық бастамаларды қолдау, Қазақстан педагогтерінің нәтижелі қызметіне көмектесу;
  • педагогикалық қарым-қатынас өрісінің кеңеcіне және педагогтер арасындағы ұштастырылған жұмыстардың дамуына ықпал жасау.

«Өрлеу» БАҰО» АҚ филиалы «Өрлеу» БАҰО» АҚ филиалы Түркістан облысы және Шымкент қаласы бойынша ПҚБАИ-ның ресми басылымы болып табылады. Журналдың негізі 2013 жылы қаланған. «Өрлеу-Шымкент» журналы мерзімді баспа басылымы Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің ақпарат және мұрағат комитетінде  07.03.2013 жылы тіркеліп, №13426-ж куәлігі берілген.

Редакциялық алқа өз қызметінде Қазақстан Республикасының «Білім туралы», «Бұқаралық ақпарат құралдары туралы» Заңдарын және білім беру қызметін реттейтін нормативтік-құқықтық актілерді басшылыққа алады.

Журнал келесі рубрикалардан тұрады:

  • Рухани жаңғыру
  • Педагогикалық алаң/Педагогическая площадка
  • Әдістемелік портал/ Методический портал
  • Педагогикалық сұхбат/Интервью с педагогами
  • Өрлеумен өркендемек өрісім/Моя история в Өрлеу
  • Ашық сабақ/Открытый урок

Мақала авторларына қойылатын талаптар

 «Өрлеу-Шымкент» журналына жариялау үшін: білім беру қызметін жетілдіру және оқыту мен тәрбиелеу саласындағы жаңалықтар бойынша мақалалар; педагогика саласындағы отандық және шетелдік  тәжірибелерді баяндайтын талдау мақалалары; мұғалімдердің озық тәжірибесін насихаттайтын материалдар қабылданады. Журналға жоғары деңгейде дайындалған, ғылыми-практикалық маңызы бар және әдістемелік зерттеулердің нәтижесі болып табылатын материалдар енгізіледі.

Журналдың шығуының мерзімділігі –2 ай сайын 1 рет электронды нұсқада шығады және авторға электронды нұсқада сертификат беріледі.

Материалдар «Өрлеу-Шымкент» журналында қазақ және орыс тілдерінде жарияланады.

Журнал редакциясы жариялауға  ұсынылатын мақалаларды жазуда және рәсімдеуде авторлардың келесі  қағидаларды ұстануы шарт:

  1. Мақаланың құрылымына кіруі тиіс: мақаланың тақырыбы; автордың аты-жөні; атқаратын қызметі; мекеме атауы; қала/аудан; мақала мәтіні; пайдаланылған әдебиеттер тізімі.
  2. Мақала тақырыбы нақты және өзекті болуы тиіс.
  3. Мақала көлемі А4 форматты 5 беттен (кестелерді, схемаларды, суреттер мен әдебиеттер тізімін қоса алғанда) аспауы тиіс.
  4. Қабылдау шарттары: шрифт Times New Roman, 14 пт, жоғарғы және төменгі жиектер – 2,0 см, сол жағы – 3,0 см, оң жағы – 1,0 см; жоларалық арақашықтықтығы – 1.
  5. Барлық формулалар Word мәтіндік редакторында «Редактор формулда» терілуі керек.
  6. Мақаладан жеке файлда (қосымша 1) автор  туралы  мәліметтер көрсетіледі: аты-жөні, ғылыми дәрежесі, ғылыми атағы, атқаратын қызметі, мекеме атауы, тұрғылықты мекен-жайы, байланыс телефондары, e-mail. Автордың сапалы фотосуретін қоса жіберген жөн.
  7. Автор мақаланы журнал редакциясына қағаздағы және электронды нұсқасымен өткізеді немесе olzhabayeva@orleu-edu.kz электронды поштаға жібереді.
  8. Редакциялық алқа шешімімен өтпеген және ұсынылған талаптар орындалмаған жағдайда матариалды шығармауға құқылы.
  9. Жарияланған мақалалар редакция көзқарасын білдірмейді. Мақалада келтірілген деректер мен сілтемелерге автор тікелей жауапты. Көшіріп басқан жағдайда сілтеме жасалуы міндетті. Қолжазба авторға қайтарылмайды.

Қосымша №1

Автор  туралы  мәлімет

 

Автордың аты-жөні  

 

ғылыми дәрежесі, ғылыми атағы  

 

мекеме атауы  

 

атқаратын қызметі  

 

тұрғылықты мекен-жайы  

 

байланыс телефондары  

 

e-mail