Мақсаты: Мұғалім қызметін педагогикалық және психологиялық тұрғыдан ғылыми-әдістемелік мазмұнда кешенді және жүйелі қамтамасыз ету.
Міндеті
— Мектепке дейінгі білім беру ұйымдары педагогтарының біліктілігін арттыру және ата-аналармен жұмысты ұйымдастыруды әдістемелік қамтамасыз ету;
— ҚР орта білім мазмұнын жаңарту шеңберінде пән бойынша педагог кадрларының біліктілігін арттыру, сапалық құрамын жақсарту;
— Оқу-тәрбие үдерісінде инклюзивті және арнайы білім берудің негізгі дидактикалық принциптерін, әдіс-тәсілдерін, талаптарын іске асыру бағытында педагогтардың кәсіби құзырлылығын жетілдіру;
— Білім беру жүйесіндегі психологиялық қызметті ұйымдастыру, кеңес беру және ақпараттық психологиялық қолдау көрсету және балабақша, мектеп, колледж психологтарына арналған әдістемелер дайындау;
— Педагог-психолог кадрлардың біліктілігін арттыру жүйесінде педагогика және психология мәселелері бойынша ғылыми-әдістемелік жұмыстарды ұйымдастыру.
Кафедра меңгерушісі — Абашева Перизат Алпысбайқызы
Кабинет нөмірі — 2 қабат,40 кабинет
Электронды почтасы — pika_7878@mail.ru
Жұмыс уақыты — Дүйсенбі-Жұма 8:00-18:00