Біздің әлеуметтік желідегі парақшаларымыз

Мектепке дейінгі тәрбиелеу және тұлғаны әлеуметтендіру кафедрасы

кафедра туралы

Кафедра туралы мәлімет

Мақсаты: Тұлғаны  тәрбиелеу мен қоғамға бейімдеуде тәрбиенің  даму тенденцияларын, заңдылықтарын,  ерекшеліктерін  зерделеу арқылы, біліктілікті арттыру курсы барысында тыңдаушыларға қазіргі жаңғырту жағдайындағы  инновациялық үдерістерді  тиімді қолдануды меңгерту. «Рухани жаңғыру»  бағдарламасы  аясында  тұлғаны  табысты  әлеуметтендірудің  жаһандық  үдерістерін ұлттық  құндылықтарымен  кіріктіре  дамыту».

 

 Міндеті

— Білім беру ұйымдарындағы тәрбие ісіне жауапты педагог мамандарға тәрбиенің қоғамдық мәнін айқындау және объективті тұрғыдан ашып көрсету, бірыңғай әлемдік тарихи-педагогикалық үдеріспен байланысын тереңірек меңгерту;

— Біліктілікті арттыру курстарын ұйымдастыруда тәрбиенің тағылымдық қағидалары мен әдістемелік ережелерді тұлғаның меңгеруі және  танымдық мәнін анықтау,  тың ой-тұжырым жасау  дағдыларын нығайту;

— Курсты оқыту барысында аға оқытушылар  тыңдаушыларды тәрбиенің инновациялық  әдістемесін, тәрбие  құралдарын, әр түрлі кезеңдегі қазақ  халқының  ағартушылары  мен  педагогтерінің  тәрбиелік  мәнге ие  мұралары жайында  айтқан  идеяларының қалыптасуы және даму тарихы бойынша сабақтастыра отырып, біліммен қаруландыру;

— Семинар, конференция  жұмыстарын  жүргізуде  қоғамның  қазіргі  даму  жағдайында  тәрбиенің   тағылымдық  мәнін үздіксіз пайдалану;

— Нормативті-құқықтық құжаттарды ендіруде педагог қызметкерлердің біліктілігін арттыру.

Кафедрамен байланысу

Кафедра меңгерушісі — Айдарбек Бәкіржан

Кабинет нөмірі —  1 қабат,13 кабинет

Электронды почтасы —  bakirjanorleu@mail.ru

Жұмыс уақыты —  Дүйсенбі-Жұма  8:00-18:00

Кафедра мүшелері

оқытушылар құрамы