Біздің әлеуметтік желідегі парақшаларымыз

Call center

Қашықтықтан оқыту бойынша тыңдаушылар мен ата-аналарға арналған біріңғай хабарласу орталығы

Жиі қойылатын сұрақ&жауаптар

Қазіргі таңда мектепте қашықтықтан оқыту барысында үй тапсырмасының көлемі мен оны орындау уақыты қалай анықталады?

Қашықтықтан оқыту дегеніміз – компьютер немесе смартфонда ұзақ уақыт бойы отыру деген ұғым емес. Ең бастысы- мұғалім мен оқушының арасындағы қашықтықтан оқыту байланысының дұрыс орнауы және үй тапсырмасының түсінікті болуы маңызды. Үй тапсырмасының көлемі қарастырылып отырған тақырыптың ауқымына және оған жететін мақсатқа бағытталса жеткілікті, яғни, үй тапсырмасын орындау уақытын белгілеудің қажеті жоқ.Үй тапсырмасы оқушыларға түсінікті әрі жеңілдетілген түрде берілгені абзал.

Қашықтықтан білім алуда ата-аналар міндеті қандай?

Қазіргі кезде ата-аналардың басым бөлігі үйде және балаларға сабақ оқытумен қатар, олардың бос уақыт да пайдалы әрі қызықты өткізуге көмектесе алады. Әрбір ата-ана үй жағдайында қашықтықтан білім алуға оң көзқарасты қалыптастыра отырып, балаларды ынталандыруға жетелеу,эмоционалдық қиындықты білдірмей, отбасылық татулықты ұстану керек.Сонымен қатар, балаларымызға дұрыс білім беру үшін бірінші кезекте «күн тәртібін» жасап алған дұрыс. Балаға білім алу жағдайын жасап, қосымша кітаптар оқуға ынталандырып, мезгілінде тамақтандырып, ерте ұйқыға жатқызып, таңертең ерте тұрғызып, телеарналар арқылы сабаққа дер кезінде дайын болуын қамтамасыз етуі тиіс. Бастысы, баланың оқуға құлшынысын арттыруға қолдау білдіру — әрбір ата-ананың міндеті болып табылады.

Мен ата-ана ретінде мектептерде бір сабақтың 40 минут өтілгеніне байланысты, телеарналарда телесабақ неге 10 минут болып қана беріледі?

Жауабы: 10 минуттық сабақтардың ішінде мұғалімнің жаңа тақырыпты түсіндіруі ғана қамтылған. Сабақ онымен аяқталмайды. 10 минуттық көрсетілімнен кейін, әр мұғалім өзінің сыныбындағы балалармен жекелей жұмыс жүргізілуі тиіс. Тақырыпты түсіндіру тек телесабақ кезіндегі видеомен шектелмеуі керек.

Мектеп оқушылары төртінші тоқсанның сабағы онлайн және қашықтан өтетін болды. Алайда, оған біздегі мектептер мен оқушылар дайын ба?

Еліміздегі 3 миллионнан астам оқушының тиісті білім алуын қамтамасыз ету оңай шаруа емес. Бұған дейін ұстаздың қарсы алдында отырып сабақ алған бала алғаш рет компьютер мен смартфонға үңілмек. Ал қашықтан оқытуға “Balapan” (қазақ тілінде) мен “Еларна” (орыс тілінде) телеарнасы да атсалыспақшы. Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетовтің айтуынша, аз уақытта жұмыс тобы құрылып, мамандар жаңа форматтағы білім жүйесінің моделін жасады. “Індет кезеңінде оқу үрдісін ұйымдастыру бойынша уақытша шаралар енгізген көршілес елдердің тәжірибесі, халықаралық тәжірибе зерделенді. Мұғалімдер балаларды жаңаша оқытуға дайындалуда. Оқушылар үшін 2 мыңнан астам телесабақ әзірленеді.

Өзін-өзі тану пәнін қашықтықтан оқытуға үлгі сабақтар нұсқасы бойынша әдістемелік көмек болса, деген облыс мұғалімдерінен сұрақ түсті

Өзін-өзі тану сабақтарын қашықтықтан оқытуға арналған дұрыс нұсқасын fecebook, You tube, m. You tube. com және «Бөбек» ҰҒПББСО-ның ozin-ozi tanu. kz сайтынан қазақ және орыс тілдерінде көре аласызда

Қашықтықтан оқыту дегеніміз не?

Қашықтықтан оқыту дегеніміз — мұғалім мен оқушы арасында қандай да қашықтықта интернет ресурстарының сүйемелдеуімен өтілетін оқытудың формасы, яғни интернет желілерінің көмегімен белгілі бір арақашықтықта оқыту.

Жалпы қашықтықтан оқытуды ұйымдастыру жайында айтсаңыз?

Қашықтықтан оқытуды ұйымдастырудың 3 түрлі формасы бар:
онлайн (синхрондық) және оффлайн (асинхрондық), және кең таралған үшінші түрі вебинар.
— Онлайн режимдегі оқыту дегеніміз — интернет ресурстарының көмегімен ағымдағы уақытта белгілі бір қашықтықта мұғалім экранын көру арқылы оқытуды ұйымдастыру формасы.
— Оффлайн режимдегі оқыту дегеніміз — интернет ресурстарының көмегімен (электрондық пошта) мұғалім мен оқушы арасындағы ақпарат алмасуды қамтасыз етуге мүмкіндік беретін оқытудың формасы.
— Вебинар дегеніміз — интернет желілерінің көмегімен семинарлар мен тренинтер өткізу формасы.

Қашықтан оқытудың біз білетін телефоннанбасқа қандай түрлері бар?

Орындалған талдаулар негізінде қашықтан оқытудың кең тараған түрлері мыналарға негізделген:
— интерактивтік теледидар;
— компьютерлік телекоммуникациялық желі (аймақтық, ғаламдық),
— қолданыстағы конфигурацияның (мәтіндік файлдар, мультимедиялық технология, видеоконференция, телекөпір, онлайн-сабақ) әртүрлі дидактикалық мүмкіндіктеріне қарай;
— интернет желісі мен компакт-диск бірлігі технологиясы.

Қашықтан оқытудың тиімділі жайлы айтсаңыз..дәстүрлі бетпе-бет дәрістен айырмашылығына тоқталсаңыз?

Келешекте ауқымды желі арқылы оқушылардың, сонымен бірге
ұстаздардың да білімдерін қашықтан білім алу арқылы жетілдіруге
мүмкіндік туатынына сенімдіміз және болашақта бағалы нәтиже алатынсекілді сезінеміз. Қашықтықтан оқыту дәрістері,дәстүрлі дәрісханалықтан
айырмашылығы, оқытушымен бетпе-бет қатынасуды болғызбайды. Дегенмен, бірнеше артықшылық жақтары да бар. Дәрістерді жазу үшін
аудио және бейне — кассеталар, CD-ROM дискілерді және т.б. қолданады.
Жаңа ақпараттық технологияларды (гипермәтін, мультимедиа, ГИС-
технологиясын және т.б.) қолдану дәрістерді көрнекі және мазмұнды түрдебереді. Мұндай дәрістерді кез келген уақытта, кез келген қашықтықта
оқуға болады.

Кейбір сабақтар қашықтықтан, ал басқалары неге онлайн деп аталады? Олардың айырмашылығы бар ма?

Қашықтықтан оқу бұл көбінесе сырттай оқу формасымен байланысты, бірақ ол мүлде өзгеше тұжырымдаманы білдіреді. Қашықтықтан оқыту — білім беру процесінде компьютерлік және телекоммуникациялық технологияларға негізделген оқытудың дәстүрлі және нақты әдістері, құралдары мен формалары болады. Қашықтықтан білім беру орталығында оқушының өзіндік жұмыстары, зерттеулері дамыған бағдарлама бойынша жүргізіледі. Жасалған жұмыстар туралы есептер мұғалімнің қарауына уақытылы жіберіледі.

Қашықтан оқытуда білім алушының оқу материалын меңгеруін қалай бақылаймыз? (Елтай Ұлжан Тұрсынбайқызы-ОҚО, Созақ ауданы)

Білім алушының оқу материалын теориялық және практикалық меңгеруі нәтижелерін тексеру үшін тестік бақылау, пән бойынша кеңейтілген сұрақтар тізімін қамтып, олардың әрбіреуіне бірнеше жауаптар нұсқасы ұсынылады. Оқушы осы нұсқалардан дұрыс жауапты таңдауы керек

Қашықтан оқыту технологиясы туралы түсіндіріп берсеңіздер?(Мылтықбаева Г.Ө. -Ордабасы ауданы)

Қашықтан оқыту технологиясы –оқу үрдісі кезінде оқып үйренушілер мен оқытушылар арасында интерактивті өзара іс-әрекетте оқытылып, материалдың негізгі көлемін оқып үйренушілерге жеткізуді қамтамасыз ететін, оқылған материалдарды меңгеру бойынша, сонымен бірге оқу үрдісі барысындағы оқып үйренушілердің өз бетімен жұмыс істеуіне мүмкіндік беретін ақпараттық технология.

Қазіргі төтенше жағдайға байланысты мұғалімдер қашықтан білім беруге дайын болмаса да қашықтан білім беруді бастап кетті. Әрине бұл мұғалімдер мен ата-анаға сынақ болып тұр. Жумыс барсыныда кездескен кедергілерді жою үшін, әдістемелік көмек қажет болған жағдайда сіздермен қалай байланысуға болады?(Шекербекова Толқын Абдазимовна -Түркістан облысы, Арыс қаласы)

«Өрлеу» БАҰО АҚФ Түркістан облысы және Шымкент қаласы бойынша ПҚБА институтының жанынан әдістемелік көмек беретін call-орталық жұмысын бастады. Оған http://orleu-uko.kz/?pag_id=13308 сілтемесі арқылы хабарласуға болады

Қашықтықтан оқыту арқылы қай жерде оқуға болады?

Қашықтан оқыту жүйесі дербес компьютер (ДК) көмегімен және интернетке шығу арқылы қажетті дағдылар мен жаңа білім алуға мүмкіндік береді. Компьютердің орналасқан жері маңызды емес, сондықтан сіз үйде, жұмыс орнында, онлайн-кафеде немесе Интернет байланысы бар және жоқ жерде кез-келген басқа жерде айланысы аласыз. Бұл дәстүрлі оқу формалары алдында ҚО-дың басты артықшылығы.

Қашықтықтан оқытумен қашаннан айналысуғы болады?

ҚО — өте икемді жүйе, ол барлық оқу үрдісіне қатысушыларғы (оқу орнының әкімшілігі мен оқытушыларына, студенттер, оқытушыларға) сабаты қолайлы уақытта таңдауға мүмкіндік береді. Бұл ҚО-ның пайдасының екінші маңызды дәлелі

Дәстүрлі білім беру формасымен салыстырғанда ҚО артықшылықтары:

Интернет желісіне қосылу мүмкіндігі бар (тіпті өте жиі емес) компьютермен кез-келген уақытта және кез келген жерде оқуға мүмкіндік береді. Бұл, әсіресе, жұмыс істейтін немесе үй шаруасымен айналысатын студенттер үшін өте маңызды, сондай-ақ денсаулығына байланысты өз үйінен шықпайтын адамдарға білім алуға мүмкіндік береді. Студенттің оқу барысында үнемі оқытушымен кеңесуіне мүмкіндік береді. ҚО-да оқу-әдістемелік материалдар мен оқу құралдарын табу және алу мәселесі жойылды. Білім алушы оқуға қабылдағаннан бастап қажетті оқу материалдарының жиынтығына қол жеткізі алады.

Қашықтықтан оқыту кезінде білім беру ұйымдары әлеуметтік педагогтерінің ата-анамен, оқушылармен жұмыс жасау формаларын атап көрсетсеңіз.

Әлеуметтік педагогикалық ағарту, ата-аналар арасында жасөспірім балаларды тәрбиелеуде туындайтын проблемаларды шешуге, отбасылық тәрбие тәжірибесімен алмасуға, жеке тұлғаға бағытталған білім беруді насихаттауға, өскелең ұрпақты жан-жақты қолдауға ықпал ете отырып, кеңес беру әңгімелерін (баланы тәрбиелеуде қандайда бір қиындық көретін ата-аналарға көмек көрсету үшін) және әңгімелесу сұрақ-жауап әдісін қолдануға болады. Әңгіме барысында сұрақтарды ата-аналар да қою үшін маман жағдай жасап, оны жүргізе білуі тиіс. (Ата-аналарға жеке чат ұйымдастыру т.б)

Білім алушылармен кері байланысты қалай жүргізуге болады?

Білім алушылармен кері байланысты ұйымдастыру:
— оқушылардың орындаған жұмыстарының нәтижелерін қабылдау;
— орындалған тапсырмаға талдау жүргізу;
— пікір жазу және ұсыныстар беру;
— білім алушыны тексеру нәтижелерімен таныстыру;
— оқушылар үшін, оның ішінде ерекше білім беру қажеттіліктері бар балалар үшін жеке консультациялар өткізу;
Кері байланыс:
— электрондық журналдар, интернет-платформалар;
— электрондық пошта;
— whatsapp, telegram мессенджерері және т. б.;
— ұялы және стационарлық телефон байланысы; пошта байланысы арқылы жүзеге асырылады

Критериалды багалау дегеніміз не?

Критериалды бағалау- білім алушылардың оқу жетістік деңгейлері өлшенетін белгі. Өлшем негіздеме

Дескриптор дегеніміз не?

Өз кезегінде оқушының жұмысты қаншалықты жақсы орындағанын бағалайтын тұжырымы.

Кері байланыс дегеніміз не?

Қандайда бір жағдайға немесе әрекетке арналған жауап, пікір.

Сіздер өз тәжірибеңізде оқытуда саралауды қалай жүзеге асырасыз?

1. Мақсат бойынша саралау;
2. Ресурс немесе мәтін бойынша саралау;
3. Тапсырма бойынша саралау (деңгейлік тапсырмалар);
4. Диалог негізінде саралау;
5. Оқушыға жеке қолдау көрсету арқылы саралау;
6. Қарым-қатынас формалары бойынша саралау (топтық жұмыс).

Қашықтықтан оқыту кезінде неше күнге, әр сабақ уақыты қанша минуттан жоспарланған?

Сабақ аптасына бес күн, әр пәнге 30 минут уақыт беріледі. Мұнымен қоса, телеарнадағы сабақ министрлік бекіткен жоспар бойынша бірнеше білім ресурстарында (Bilimland, Daryn online) жалғасады. Сонымен қатар, мұғалім мен оқушы Kundelik.kz, zoom, Google classroom, sabak.kz платформасында онлайн кездесіп, білімін пысықтайды.

Оқыту процесі дегеніміз не?

Оқыту процесі — екі жақты процесс болғандықтан, мұғалім мен оқушылардың бірлескен іс-әрекетін, мұғалім тарапынан оқушы іс-әрекетіне басшылық етуді, жоспарлауды, ұйымдастыруды, басқаруды талап етеді.

Сұрақ: Оқушыларға саралау тапсырмасын үйге қосымша тапсырма ретінде ұсынуға болады ма?

Оқу мақсатына қол жеткізуде және оқушының қажеттілігін қанағаттанырып, алға ілгерлеу мақсатында саралау тапсырмасын үйге беруге болады. Тек әрбір оқушының жеке ерекшеліктерін мен қабілеттерін ескеріп отырыңыздар.

Сабақ барысында ресурстар қолдану міндетті ме?

Сабақ барысында ресурстарды молынан қолдану сабақ мақсатына жетуге және оқушылардың білім мен білік, дағдыны қалыптастыруға септігін тигізеді. Әр сабақта қолжетімді ресурстарды дұрыс, әрі ұтымды пайдалану тиімді. Сонымен бірге оқу мақсаты мен оқушының жеке ерекшелігіне есепке алып отыру керек.

Қашықтан оқыту барысында оқушыларға тапсырманы қалай беруге болады? (Черниязова Г. Ә;Созақ ауданы)

Тақырып бойынша тапсырмалар жеңілдетілген түрде беріледі. Мысалы, оқу түрінде немесе оңай есептерді шығару түрінде. Оқушыларға күрделі тапсырмалар берілмейді

Қашықтан оқытуда жиынтық бағалаулар қалай алынады? (Авазова Хилола;Сайрам ауданы Қарабұлақ ауылы )

Қашықтан оқытуда жиынтық бағалаулар бөлім бойынша және тоқсан бойынша бір рет алынады.

Оқушы – мұғалім арасында қашықтан оқытуды байланыстың қандай түрін қолдануға болады? (Түркістан қаласы, Ажибекова Г. Б)

Қашықтан оқыту барысында мұғалім мен оқушы арасында тиімді және қол жетімді байланыс түрлерін таңдай алады. Вадсап, мобильді байланыс, телеграмм, кез-келген интернет байланыстар арқылы

Қашықтықтан оқыту технологиясының қандай түрлері бар? (Кулумбетова С.Б, Сайрам ауданы)

1. Case технологиясы. Ол оқулықтар түрінде қағазды пайдалануды қамтиды, мұғалім үнемі тексереді. Бұл жағдайда білімалушының және мұғалімнің өзара әрекеттесуі оқу орталықтарында пошта немесе жеке кездесулер арқылы жүзеге асырылады.
2. ТД спутниктік технологиясы. Білімалушылар үшін өте жоғары құны мен техникалық мүмкіндіктің болмауы сирек қолданылады. Оның басты кемшілігі — мұғалім мен оқушы арасындағы кері байланыс болмауы.
3. Желілік технологиялар немесе онлайн оқыту.
Көбінесе, қашықтықтан оқыту осы үш технологияны қамтиды, бірақ әр түрлі пропорцияларда. Әрине, оқу үрдісінде Интернетті пайдалану басымдыққа ие, бірақ оқушылар сонымен бірге оқу-әдістемелік материалдармен және дәрістерді web.whatsapp.com және электорнды пошталар арқылы алады.
Қазіргі жағдайда біз тек «Желілік технологиялар немесе онлайн оқыту» технологиясын қолданып отырмыз.

Педагогикалық шеберлігімді арттыруға , қашықтықтан білім беруде көмектесетін қандай интернерт ресурстарды айта аласыз?( Менликулова П.Т ,Шымкент қаласы)

Мұғалімдер цифрлық білімін арттыру мақсатында төменде аталған ресурстармен жұмыс жасай аласыздар: «Bilimland», «DDaryn.online», «Күнделік», «Univer», «Platonus», «EduPage», БИЛ, «BTS education», «U-study» және «AGS» интернет ресурстары

Кибербуллинг дегеніміз не?

Кибербуллинг – адамды интернетте, әлеуметтік желі мен түрлі мессенджерлерде қорқытып, зорлық көрсету. Кибербуллингке кез-келген адам тап болуы мүмкін. Бірақ бұл тәсілмен шабуыл жасайтындар негізінен кәмелет жасына толмаған мектеп оқушыларын нысанаға алады. Өйткені, қорғансыз балалар қорыққанынан өзіне қысым жасалып жатқаны туралы ешкімге айтпайды. Тіпті ата-анасы мен жақындарына тіс жармай, шабуылшының айтқанынан шықпайды.
Кибербуллинг жасайтындардың арасында педофилдер көп кездеседі. Олар балаларды алдап-арбап, желіге жалаңаш түскен видео не суреттерін салуға көндіреді. Кейін сол суреттерді жұртқа жария етемін деп қоқан-лоққы жасау арқылы кездесуге шақырады не ақша бопсалайды. Ал қысымға шыдамай, шарасыз күйге түскендері көп жағдайда өзіне қол салады. Сарапшылардың сөзінше, кибербуллинг қазір бүкіл әлемдегі өте өзекті проблемаға айналған. Өкініштісі, Қазақстанда да кибербуллингке ұшыраған балалар аз емес.

Кибербуллингке тап болған жағдайда не істеу керек?

• Әлеуметтік желіде қысым көрсеткен адамның хабарламасына жауап бермеу;
• Онымен сөйлесуді тоқтатып, бұғаттау;
• Әлеуметтік желі әкімшісіне сен туралы жарияланған жазба не суреттерге шағымдану;
• Күдікті жазбаларды скриншот жасап, ата-ана не ұстаздарға хабар беру керек

Киберулинг кесірінен қысым көрген балалардың айрықша белгілері қандай?

• Мектепке барғысы келмейді;
• Сабақ оқуға зауқы болмайды және үй тапсырмасын нашар орындайды;
• Көңіл-күйі түсіп жүреді;
• Үнемі уайымдайды және өзіне сенімсіз болады;
• Ешкіммен әңгімелесуге зауқы соқпайды және оқшау жүреді;
• Қорқып сөйлейді, тамақ ішуге тәбеті тартпайды;
• Үйден қашып кетуге тырысады;
• Суицид жасайтынын айтып қорқытады;
• Түнде дұрыс ұйықтамайды және шошып оянады;
• Өзіне не болғанын айтудан қорқады;
• Жиі ақша сұрайды не ұрлық жасайды;
• Ғаламторды не гаджеттерді қолдануға үрейленеді;
• Телефонына хабарлама келсе, ашуланады.

Қашықтықтан оқыту барысында балалар көп уақытын ғаламторда (компьютер мен телефонда) өткізуде. Мұның салдары бала психологиясына қалай әсер етеді екен?

Үйде болуға мәжбүр болған кезде, сіз жане сіздің балаңызға жақын әлеуметтік ортада (телефон, мессенджер аркылы) байланыста болу маңызды алайда алынған ақпараттың (түрлі сайттағы жаңалықтар, әлеуметтік желілердегі ақпараттар) ағынын азайту керек. Себебі ол жерде бала бойында урей тудыратын акпараттар болуы да ыктимал.

Қашықтықтан оқытуға көнілініз тола ма?

Қазіргі таңдағы еліміздегі төтенше жағдайға байланысты 4 тоқсанды қашықтықтан оқытып жатырмыз біріншіден мұғалім көп ізденіп балаға нақты тапсырма беріп, қол жетімді етіп дайындауы. екіншіден оқушы ата-анасының қолдауымен жауап беру. Ия, көңіліміз толады, өйткені мұғалім оқушы және ата-ана үштік одақ болып жұмыс жасаудамыз.

Жаңартылған оқу бағдарламаларында оқушылардың бойында қалыптастыратын қандай дағдылар анықталған?

— сын тұрғысынан ойлау;
— білімді шығармашылық тұрғыда қолдана білу қабілеті;
— проблемаларды шешу қабілеті;
— ғылыми-зерттеу дағдылары;
— қарым-қатынас дағдылары (тілдік дағдыларды қоса алғанда);
— жеке және топпен жұмыс істей білу қабілеті;
— АКТ саласындағы дағдылар.

Оқушының уәжін өшіретін қандай факторларды білесіз?

— аз ғана оқушы қатысатын немесе мүлде қатыспайтын тапсырмалар;
— айқын емес, түсініксіз және осының алдында өткен тақырыптармен байланыспайтын жаттығулар;
-сабақтың қарқыны өте жылдам/баяу және оқушыларға «ойлануға» уақыт берілмейді;
-мақтау айтылмайды және мұғалім оқушыларға тиімсіз кері байланыс береді;
-оқушылар мұғалімнен көмек күтеді, мұғалім тарапынан қолдау болмайды т.б.

Сабақты жоспарлауда мұғалім неге мұқият болу қажет?

-оқу мақсатын анықтау;
-осы мақсатқа қол жеткізу үшін сабақты қалай жоспарлау;
— мұғалім бірқатар белсенді оқу тәсілдерін қолдану;
-оқыту мен оқудың заманауи әдістері оқушылардың жеке ерекшеліктері мен қажеттіліктерін ескеру

Мазмұны жаңартылған «География» пәнін оқытуда саралау әдісін қолданудың тиімділігі неде?

Өркениетті елдермен тереземіз тең болуы үшін әлемдік білім аясына кіргізуді мақсат тұтқан еліміздің білім беру саясаты оқытуды демократияландыру, ізгілендіру арқылы жаңа сапалық деңгейге көтеруге көздейді. Осыған байланысты білім берудегі бірыңғайлықтан бас тартып көп нұсқалы білім алу жүйесіне бет бұрып тұрған жағдайда оқушылардың топтық ерекшелігімен қоса жеке танымдық ерекшеліктерін ескеріп, саралап оқытуды ұйымдастыру-бүгінгі мектеп өміріндегі өзекті мәселе.
Саралап оқыту әдісі географияны оқу үдерісінің оқушылардың әртүрлі топтарына арнайы бағдарлауды, оқушылардың жеке қабілеттерін ескеру мақсатында әртүрлі топтар үшін әртүрлі нысанда ұйымдастыруды көздейді, яғни, әртүрлі оқушылар тобының оқу әрекетін ұйымдастыру үшін арнайы оқыту әдістерін және іс-әрекеттерді саралау тәсілдерін қамтиды. Саралап оқытуды ұйымдастырудың негізгі шарты күрделілігі, танымдық тұрғыдан қызығушылық туғызуы, мұғалім тарапынан берілетін көмектің сипаты жағынан ерекшеленетін сараланған тапсырмаларды қолдану болып табылады.
Білім беру мазмұнын жаңартуда «География» пәнінің білім беру бағдарламасының негізгі мақсаты пәннің мазмұнын сапалы меңгеруді қамтамасыз ету, оқушылардың функционалдық сауаттылығын қалыптастыру, басқа пәндермен сабақтастық арқылы жалпыадамзаттық құндылықтар мен ұлттық мәдениеттің үздік дәстүрлерінің негізінде оқушылардың зияткерлік деңгейін дамыту болып табылады. Сондықтан, географиядағы зерттеу тәсілдерімен байланысты саралап оқыту әдісін де қолданудың маңызы зор.

Оқыту үдерісін саралаудың мақсаты не?

Географияны оқытуда саралау әдісінің мақсаты — оқушыға қабілеттері мен бейімділіктерін барынша дамыту үшін, олардың жалпы білім мазмұнын меңгеру үдерісіндегі танымдық қажеттіліктері мен қызығушылықтарын қанағаттандыру үшін жағдайлармен қамтамасыз ету.
Саралап оқыту – тұлғаның жеке ерекшеліктері (зияткерлік қызметтің
қабілеттері, бейімдері) ескерілетін оқу үдерісін ұйымдастыру тəсілі. Дидактикалық жүйенің элементтері ерекшеленетін оқушылар тобын құрумен сипатталады және дамуға төмендегідей қолайлы жағдайлар жасауға бағытталған:
• оқушылардың дербес ерекшеліктерін ескеру;
• оқушыларды ерекшеліктерін ескере отырып топтастыру;
• оқу үдерісінің вариативтілігі.

Білім алушының нәтижеге қол жеткізуіне саралап оқытудың әсері қандай?

Саралау енгізілмейтін сынып-сабақ жағдайларында оқу үдерісі барлық оқушылар үшін бірдей ұйымдастырылып, оларға тиімділігі əртүрлі деңгейде болады. Оқушылардың жалпы зияткерлік қабілеттері əртүрлі, оларда оқу деңгейі де əртүрлі: бірі жаңа материалды өте тез игере алады, енді біріне жаңа материалды пысықтау үшін бірнеше рет қайталап, анағұрлым көп уақыт қажет болады, бірі жаңа ақпаратты құлақпен қабылдағанды, енді бірі көзбен қабылдағанды жөн көреді. Логикалық ойлауы жақсы дамыған жəне жаратылыстану-математика циклінің пəндерін жақсы меңгеретін, бірақ гуманитарлық пəндерге бейімі мен қызығушылығы жоқ оқушылар бар. Оқытуды саралау тұлғаның жеке ерекшеліктерін ескеру негізінде оқу үдерісін ұйымдастыруға, əртүрлі оқушылар үшін əртүрлі, бірақ барлығы үшін тұрақты бөлігін белгілей отырып міндетті болуы мүмкін білім беру мазмұнын барлық оқушылардың меңгеруін қамтамасыз етуге мүмкіндік береді. Бұл ретте ұқсас жеке ерекшеліктері бар əр оқушылар тобы өз жолымен жүреді. Саралау жағдайындағы оқыту үдерісі оқушылардың танымдық қажеттіліктеріне, олардың жеке ерекшеліктеріне барынша жақындай түседі.

Сараланған оқытуды ұйымдастырғанда оқушылардың іс-әрекеттері қандай болуы мүмкін?

Сараланған оқытуды ұйымдастырғанда жасөспірімдердің зияткерлік қабілеттері, арнайы қабілеттері, қызығушылықтары жəне болашақ мамандығы ескеріледі: оқушылар өздері қызығушылық танытқан тақырыптар бойынша баяндамалар, рефераттар дайындайды, модельдер мен макеттер жасап, шағын зерттеу жүргізеді, яғни саралау әдісін қолдана отырып, география сабағын оқытудың төмендегідей бірқатар тиімділігі анық байқалады:
— барлық оқушылар бір тапсырманы орындаса да олардың нəтижелері əртүрлі болады.
— мұғалім тапсырма береді, бірақ жалғыз «дұрыс» жауаптың бағытында жұмыс істеуден гөрі оқушылар өздерінің мықты жəне əлсіз тұстарына қарай жауап береді.
— барлық оқушыларға бағытталған нұсқау бере отырып, олардың əрқайсысының өздерінен некүтетіндігін түсінгендеріне көз жеткізуге болады.