Біздің әлеуметтік желідегі парақшаларымыз

«Кейс-стади» — функционалдық сауаттылығын қалыптастыру әдістерінің бірі» тақырыбында өтілген oн-лайн режиміндегі сабақ

91 «Мұғалімнің кәсіби дамуын педагогикалық-психологиялық сүйемелдеу» кафедрасының жылдық жоспарына сай кафедра меңгерушісі П.А.Абашева 2015 жылдың 18 қыркүйегінде Астана уақытымен 1000-де «Кейс-стади» — функционалдық сауаттылығын қалыптастыру әдістерінің бірі» тақырыбында он-лайн сабағын өткізді. Он-лайн сабаққа Түркістан қаласынан — №10, №13, №6, №4 жалпы орта мектептері; Кентау қаласы — №4 жалпы орта мектебі; Ордабасы ауданынан – Амангелді жалпы орта мектебі; Мақтарал ауданынан — Мақтарал, Мырзакент, Амангелді жалпы орта мектептері қатысты.

92  Өтілген сабақта институт мамандары мен технология пәні мұғалімдерінің қатысуымен қазіргі таңдағы көкейкесті мәселелер мен өтілген тақырып бойынша ситуациялық мәселелер талқыланды.

  Қорыта келе баяндамашылардың іс-тәжірибесімен танысқан он-лайн сабаққа қатысушылар нәтижесінде «Кейс технологиясын» қолдану арқылы оқушылардың функционалдық сауаттылығын қалыптастыру тиімділігін және өздерінің тәжірибесіне сүйене отырып, алған білімдерін сабақты өту барысында қолдану тек қана технология пәнінде ғана емес, басқа да пәндерде қолдануға тиімді екеніне көз жеткізді.