Біздің әлеуметтік желідегі парақшаларымыз

«Әдемі кілемшелер»

Институт жоспарына сай 2019 ж. 30.09.-14.10.  аралығында «Мектепке дейінгі ұйымда білім беру процесін жобалау» тақырыбында мектепке дейінгі ұйымдардың тәрбиешілеріне арналған біліктілік арттыру курсы басталды.

Курстың мақсаты- мектепке дейінгі ұйымдарда мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың Үлгілік оқу бағдарламасын жүзеге асыру мәселелері бойынша тәрбиешілердің кәсіби құзыреттілігін арттыру.

Курс барысында  «Әдемі кілемшелер» тақырыбында  челлендж өткізілді.

Челлендж мақсаты: «Бөліктерден кілемше жасауға үйрету; қабылдау, ес, зейін процесстерін дамыту; ұйымшылдыққа тәрбиелеу. Мектеп жасына дейінгі балалардың зейіні тұрақсыз болады. Біркелкі жұмыс балаларды тез жалықтырады. Олардың зейінін үнемі қажетті бағытқа аудару үшін ойын түрінде жүргізу қажет.

Ойын барысында баланың жеке басының қасиеттері қалыптасады, және оның қуанышы мен реніші ойында айқын көрінеді. Ойын кезіндегі баланың психологиялық ерекшелігі мынада: олар ойланады, эмоциялық әсері ұшқындалады, белсенділігі артады, ерік қасиеті, қиял елестері дамиды, мұның бәрі баланың шығармашылық қабілеті мен дарынын қалыптастырады. Мектеп жасына дейінгі балалар көргендерін, байқағандарын, айналасынан естігендерін ойын кезінде қолданатын байқауға болады. Бала ойын барысында айналадағы болмысты бейнелейді, айналадағы дүниені тани бастайды, өзінің күш жігерін жұмсап, сезімін білдіруге мүмкіндік алады, адамдармен араласуға үйренеді. Ойын арқылы оқыту, тыңдаушыларды өте қызықтырды.

Ойынның құрал-жабдықтары: Қағаздан жасалған кілемшелер, геометриялық пішіндер болды.

Нәтижесінде ойын балаға білім берудегі әсер етудегі ең негізгі бір түрі, өйткені ойын балалардың негізгі іс әрекеті екені тыңдаушыларға түсіндірілді.

Сондай-ақ, ойлау,  тапқырлық қабілетін дамытып, адамгершілік, мейірімділік қасиеттерін оятады.

 

 «Білім беру процесін психологиялық-педагогикалық сүйемелдеу»

кафедрасының аға оқытушысы Адилаева Алма