Біздің әлеуметтік желідегі парақшаларымыз

Облыстық олимпиада институт базасында өтеді

Ақпараттық  хат

    

«Өрлеу» БАҰО АҚ филиалы Түркістан облысы және Шымкент қаласы бойынша педагогикалық қызметкерлердің біліктілігін арттыру институты «Мектепке дейінгі тәрбиелеу және бастауыш оқыту» кафедрасының жұмыс жоспарына сай оқу үдерісінде жаңартылған білім беру бағдарламасы аясында  педагогтердің кəсіби тəжірибелері мен құндылықтарын  дарыту   мақсатында 2019 жылдың 23 қазан айында (қазақ), 11 желтоқсан айында (өзбек)  бастауыш сынып мұғалімдерінің облыстық олимпиадасы институт базасында өткізетіндігін хабарлайды.

Облыстық олимпиадаға қатысатын мұғалімдердің мынадай қорытынды құжаттарын: сұранысы, хаттамасы, жазба жұмыстарын (екі турдың) 2019 жылдың қазан айының 22 жұлдызына дейін қазақ бастауыш сынып мұғалімдерінің құжаттарын институттың «Мектепке дейінгі тәрбиелеу және бастауыш оқыту» кафедрасына тапсыруы тиіс.

 

Бастауыш сынып мұғалімдерінің облыстық олимпиадасының

Е Р Е Ж ЕСІ

 

І. Мақсаты

  • «ӨРЛЕУ» БАҰО» АҚФ Түркістан облысы және Шымкент қаласы бойынша ПҚБАИ –ның ұйымдастыруымен бастауыш сынып мұғалімдерінің шығармашылық іс-әрекеттері мен  жаңартылған бағдарлама аясындағы іс-тәжірибелермен алмасу;
  • Білім беру мекемелерінде шығармашылықпен еңбек ететін педагогтарды анықтау, олардың мәртебесін көтеру, жаңашыл мұғалімдерді қолдау және мадақтау;
  • Педагогтардың теориялық және практикалық жұмыстарды өткізу біліктіліктері мен дағдыларын жетілдіру.

 

 ІІ.Мазмұны

2.1 Олимпиаданы ұйымдастырушы және өткізуге жауапты «Мектепке дейінгі тәрбиелеу және бастауыш оқыту» кафедрасы

2.2  Олимпиада екі турдан тұрады.

2.3 Қатысушылардың жинаған ұпайлары жинақталып жеңімпаздар орны анықталады. Бірінші тур тест сұрақтары, екінші тур шығарма.

2.4  Қатысушылардың жасы, жұмыс өтілі шектелмейді.

2.5  Олимпиадаға қатысушы туралы сұраныс институт директор атына жазылады.

 

ІІІ. Іріктеу жұмыстарын  ұйымдастыру комитеті

3.1 «ӨРЛЕУ» БАҰО» АҚФ Түркістан облысы және Шымкент қаласы бойынша ПҚБАИ -ның бұйрығы негізінде іріктеу жарыстарын дайындау және өткізуді ұйымдастыру жұмыстарын жүзеге асыру және үйлестіру үшін ұйымдастыру комитеті құрылады.

3.2 Іріктеуге тікелей басшылық жасайды. Іріктеу нәтижелерін талдайды және қорытындылайды

 

ІҮ. Әділқазылар төрағасы

4.1 Іріктеуге тапсырмаларын әзірлейді және құрастырады. Ұсынылған тапсырмалардың іріктеу талаптарына сай болуына жауап береді.

4.2 Олимпиаданың тиісті сатысы өткенге дейін тапсырмалардың құпиялылығына тікелей жауап береді.

4.3 Әділқазылар жұмысын ұйымдастырады.

 

Ү. Әділқазылардың мүшелері

5.1 Іріктеудің  қорытынды сатысының тапсырмаларын тексереді.

5.2 Жеңімпаздарды анықтайды.

5.3 Іріктеуге қатысушылар орындаған тапсырмаға талдау жасайды.

 

ҮІ. Әділқазылардың  шешімі бойынша жеңімпаздарға институттың  дипломдары мен алғыс хаттары беріледі.

Анықтамалар алу үшін мына сымтетікке хабарласуға болады: 87023337681

«Мектепке дейінгі тәрбиелеу және бастауыш оқыту» кафедрасы