Біздің әлеуметтік желідегі парақшаларымыз

«Сындарлы қоғамдық диалог- Қазақстанның тұрақтылығы мен өркендеуінің негізі жолдауындағы «Әлеуметтік жаңғырудың жаңа кезеңі» атты семинар  

«Өрлеу» біліктілікті арттыру ұлттық орталығы» акционерлік қоғамының филиалы Түркістан облысы  және Шымкент қаласы бойынша  педагогикалық қызметкерлердің біліктілігін арттыру институтының «Мектепке дейінгі тәрбиелеу және тұлғаны әлуметтендіру» кафедрасының аға оқытушылары  2019 жылдың 2 қазанында Сайрам ауданы, Қарабұлақ ауылындағы №3 Хамза атындағы жалпы орта мектеп базасында аудан мұғалімдеріне «Сындарлы қоғамдық диалог – Қазақстанның тұрақтылығы мен өркендеуінің негізі жолдауындағы «Әлеуметтік жаңғырудың жаңа кезеңі»: білім беру саласын жақсарту мәселелері» тақырыбында семинар өткізді.

Семинардың мақсаты: ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтің алғашқы «Сындарлы қоғамдық диалог – Қазақстанның тұрақтылығы мен өркендеуінің негізі» жолдауындағы білім беру жүйесі мен педагог мәртебесіне қатысты мәселерді талқылау, талдау.

Семинар барысында  тыңдаушылар өз ойларын ортаға сала келе, Президентіміз өз Жолдауында көрсеткендей, әлеуметтік жаңғырудың жаңа кезеңі білім беру сапасын жетілдірумен тығыз байланыстылығын,  «маман даярлау ісі еліміздегі және ғаламдағы еңбек нарығынан тыс қалмағанын» терең талқылады. Сонымен қатар, қатысушылар Президент Қасым-Жомарт Тоқаев еліміздің жоғары оқу орындарының алдына бәсекеге қабілетті, білікті маман дайындау, олардың оқу бітіргеннен кейінгі «өмірден өз орнын табу», яғни жұмысқа орналасу мәселесін қатаң қадағалаумен қатар, ғылыми-зерттеу жұмыстарын сапалы жүргізіп, оны коммерцияландыру бағытында қарқынды және нақты жұмыстарды жасауға үлкен міндеттер артып отырғандығын өте маңызды, әрі дер кезінде қозғалған мәселе деп баға берді.

 

                                                                               «Мектепке дейінгі тәрбиелеу және тұлғаны әлеуметтендіру»

кафедрасының аға оқытушылары

 Г.Қуанышбек, И.Ибрагим

Семинар на тему «Конструктивный общественный диалог – основа стабильности и процветания Казахстана» из Послания Президента Республики Казахстан «Новый этап социальной модернизации»: вопросы улучшения сферы образования»

 

2 октября 2019 года старшие преподаватели кафедры «Дошкольного воспитания и социализация личности», Филиала Акционерного Общества «Национального центра повышения квалификации» Өрлеу» ИПКПР по Туркестанской области и городу Шымкент провели семинар на базе средней школы №3 им.Хамзы, с. Карабулак, Сайрамского района для учителей на тему: «Конструктивный общественный диалог – основа стабильности и процветания Казахастана» из Послания Президента Республики Казахстан «Новый этап социальной модернизации»: вопросы улучшения сферы образования».

Целью семинара является обсуждение и анализ проблем, касающихся статуса педагога и системы образования, как было отмечено в Послании Президента РК Касым-Жомарта Токаева  «Конструктивный общественный диалог – основа стабильности и процветания Казахастана»: вопросы улучшения сферы образования.

В ходе семинара участники подробно проанализировали моменты из Послания Президента РК Касым-Жомарта Токаева, что новый этап социальной модернизации тесно связан с совершенствованием качества образования, «подготовка специалистов не осталась вне рынка труда страны и мира». Вместе с тем, была дана высокая оценка важности подготовки конкурентоспособных, квалифицированных специалистов высшими учебными заведениями страны, а также по их трудоустройству после окончания учебы.

 

Г.Қуанышбек, И.Ибрагим

 старшие преподаватели кафедры «Дошкольного  воспитания и социализации личности»