Біздің әлеуметтік желідегі парақшаларымыз

«Мектепте өлкетану жұмысын жандандырудың тәрбиелік маңызы»

2019 жылдың  2-қазанында «Өрлеу» БАҰО АҚ филиалы Түркістан облысы және Шымкент қаласы бойынша ПҚБАИ – да  «Мектептегі өлкетану жұмысын ұйымдастыру және өткізу» курсы тыңдаушыларының қатысуымен  «Қазақстанның өлкетануы: ұлттық мұраны зерделеу тарихы» тақырыбында конференция ұйымдастырылды.

Мақсаты:  Өлкетанушы ғалымдардың еңбектерін зерделеу арқылы халқымыздың ұлттық құндылықтарын  жас ұрпақтың бойына сіңдіру жолдарын үйрету.

Міндеті:

— Тарихи-мәдени және сәулет ескертіштері туралы мәлімет базасын жинақтаудың әдіс-тәсілдерін меңгерту.

— «Қазақстанның 100 қасиетті жері», «Туған елге – тағзым» мемлекеттік бағдарламалары аясында атқарылған іс-шараларды талдау  арқылы ұлттық құндылықтарды  насихаттау.

Конференция барысында «Мектепке дейінгі тәрбиелеу және тұлғаны әлеуметтендіру» каферасының аға оқытушысы, т.ғ.к. Б.Байназарова: «Қазіргі  таңда елімізде жастардың тарихи санасын жаңғыртудың бірден-бір жолы — мектеп қабырасында өлкетану жұмысын жандандыру» — деп көрсетті. Себебі, мектептегі туған өлкені танып-білуге қатысты түрлі іс-шаралар  атамекеніңнің тарихымен етене таныстырып, оны жақсы көріп, құрметтеуге негіз болады.

Сондай-ақ, жас буынның  туған жерінің тарихын зерттеп-зерделеудегі   ғылыми зерттеу жұмысының  негізі қаланады. Оқушылар зерттеу және зерделеу барысында белгілі отандық және шетелдік өлкетанушыларының еңбектерімен танысып, талдау жасап, өзіндік көзқарастары мен пікірлерін білдіреді.

Ал мұғалімдер оқушылардың жоба жұмыстарына бағыт-бағдар беріп, олардың өз бетімен зерттеу қабілеттерін дамытатуға жолы ашып, бойында  отаншылдық сезімдерін арттырады.

Нәтижесінде, мемлекет тарапынан қабылданған бағдарамалардың аясында, әсіресе,  мектепте өлкетану жұмысын жаңғыртуың маңызы зор,  тарихи, мәдени және табиғат ескерткіштерінің  құпия қыр-сырын   көпшілікке таныту  қазіргі кезеңде өзекті деген қорытындыға келді.

   «Мектепке дейінгі  тәрбиелеу және тұлғаны әлеуметтендіру»

  каферасының аға оқытушысы, т.ғ.к. Б.Байназарова