Біздің әлеуметтік желідегі парақшаларымыз

«Қазақ тілі мен қазақ әдебиеті сабақтарындағы белсенді оқылым әдіс-тәсілдері. Біліктілікті арттырудан күтілетін нәтижелерге қол жеткізу деңгейін бағамдау: ойлау сипаты» тақырыбындағы тренинг

2019 жылдың 2 қазанында «Өрлеу» БАҰО АҚФ Түркістан облысы және Шымкент қаласы бойынша ПҚБАИ «Инновациялық білім беру және ақпараттық технологиялар» кафедрасының аға оқытушысы Салтанат Жолшыбекованың  ұйымдастыруымен «Қазақ тілі мен қазақ әдебиеті сабақтарындағы белсенді оқылым әдіс-тәсілдері. Біліктілікті арттырудан күтілетін нәтижелерге қол жеткізу деңгейін бағамдау: ойлау сипаты» тақырыбында тренинг өтті.

Тренингтің мақсаты –  тиімді оқылым әдіс-тәсілдерін жоспарлау үшін қажетті дағдыларды қалыптастыру, тиімді оқылым әдіс-тәсілдерін қолдану және олардың тиімділігін бағамдау дағдыларын жетілдіру.

Тренингке Төлеби ауданының ұстаздары қатысты. Іс-шарада жаңартылған оқу бағдарламасы бойынша қазақ тілі мен әдебиеті сабақтарында қарастырылған белсенді оқылым әдіс-тәсілдерін жүзеге асыратын әдіс-тәсілдер айтылды.  Сонымен қатар, оқылымның әдіс-тәсілдері мен мақсаттары, түрлі оқылым жаттығулары және тіл пәндерінің оқу бағдарламасын іске асыруға арналған дағдылар жүзеге асырылды.

Жұмыс барысында тыңдаушылар тиімді оқылымның түрлерімен танысты. Рефлексия жазу, оқушыларға қолдау көрсетуге бағытталған жаттығулар мен тапсырма әзірлеу төңірегінде өзара әдіс алмасты. Оқушылардың табысын арттыратын оқыту тәсілдерін тәжірибе жүзінде орындай отырып тиімділігіне көз жеткізді. «Эмоция кестесі», «Қабырғадағы рөл», «Балалық шаққа саяхат», «Реставрация», «Қос жазба күнделігі» т.б. әдістері бойынша жүргізілген тапсырмалар тыңдаушылар үшін қызықты өтті.