Біздің әлеуметтік желідегі парақшаларымыз

Курсаралық кезеңдегі қолдау – сапаға жетелейді

2019 жылдың 30 қыркүйегі күні «Өрлеу» БАҰО» АҚФ Түркістан облысы және Шымкент қаласы бойынша ПҚБАИ «Менеджмент және ақпараттық технологиялар» кафедрасының тренері Ж.Арысбаева  қазақ тілі мен қазақ әдебиеті пәні бойынша тыңдаушылармен  «Оқушылардың зерттеу дағдыларын дамыту графикалық органайзерлерді қолдану» тақырыбында  тренинг  ұйымдастырды.

Тренингтің мақсаты — графикалық органайзерлерді қолдану арқылы оқушыларға  оқу мен оқытуды жеңілдетуде визуалды  таңбаларды  ұсыну, маңызын, тиімділігі мен ерекшеліктерін анықтау мен талқылау.

Тренинг барысында, мұғалімдер графикалық органайзердің бірнеше түрімен танысып, қалай және сабақтың қай кезеңінде қолдануға болатындығын, оқушылардың алға ілгерлеуіне ықпалы қандай екенін анықтады.жаңа тақырыптың негізгі идеясын табуда,сипаттауды, сонымен қатар, салыстыруда және қысқаша түсінік қалыптастыруда графикалық органайзерлерді қолдану- таптырмас әдіс екендігі жайлы баяндады.

       Белсенді және аудиовизуалды тәсілдерді біріктіре отырып жоспарлау және оқыту моделі жазылым бойынша үлгерімін бағалап, жылдам жетілдіруде, сондай-ақ оқушының көзқарасын өзгертіп, уәжін арттыруда табысты болып шықты, яғни ол тілді жаттап алу қажет грамматикалық құралдар жиынтығы емес, ақпаратқа қол жеткізіп, қарым-қатынас жасау әдісі ретінде қарауға мүмкіндік беретіндігі жайлы талқылады.

Тренинг соңында қатысушылар  өз тәжірибелерінің артқанын және құнды ақпараттар алғанын айтып өтті.