Біздің әлеуметтік желідегі парақшаларымыз

«Химия және биология сабақтарында оқушылардың зерттеушілік мәдениетін қалыптастыру»

«Өрлеу» БАҰО» АҚФ Түркістан облысы және Шымкент қаласы бойынша ПҚБА институты,  2019 жылғы институттың операциялық жұмыс жоспарына сай, Қазақстан Республикасында жалпы орта білім беретін ұйымдардың химия және биология пәндері мұғалімдерінің сабақта оқушылардың зерттеушілік мәдениетін қалыптастырудың білім беру саласындағы  перспективаларын қарастыру және қиындықтарын талдау мақсатында 2019 жылғы 18 қазанда   химия, биология пәндері мұғалімдеріне арналған  «Химия және биология сабақтарында оқушылардың зерттеушілік мәдениетін қалыптастыру» тақырыбындағы облыстық форум институт базасында өткізілетіндігін хабарлайды.

Форумда педагогикалық тәжірибелерді насихаттау, жетілдіру және туындаған мәселелерді шешу жолдарын айқындау мәселелері бойынша мұғалімдер пікір алмасады. Форумға жалпы орта білім беретін ұйымдардың химия және биология пәндері мұғалімдері қатысады.

Форум  жұмысы 3 бағытта өтеді:

  1. Пікірлесу алаңы: «Көзқарастар ағыны» (Менің ойымша…. Менің тәжірибемде.. Ұсынамын..).
  2. Шебер-сыныптар: «Бұл менің сабағым» (сабақта оқушының зерттеушілік мәдениетін қалыптастыруда ұсынатын жаңалықтар: әдіс-тәсіл);
  3. Көрме: «Зертханалық тәжірибе мен сарамандық жұмыс».

Жауапты: Р.Жуманова