Біздің әлеуметтік желідегі парақшаларымыз

«Критериалды бағалау қағидаттары» тақырыбындағы тренинг

2019 жылдың 11 қыркүйегінде  «Өрлеу» БАҰО» АҚ филиалы Түркістан облысы және Шымкент бойынша педагог қызметкерлердің біліктілігін арттыру институтының «Менеджмент және ақпараттық технологиялар» кафедрасының аға оқытушысы Нурлыбаева Жанаттың  ұйымдастыруымен Шардара ауданы, Қ.Аманжолов атындағы жалпы орта мектебі базасында «Критериалды бағалау қағидаттары» атты тренинг өтті.

Мақсаты: Қазақ тілі мен әдебиеті сабақтарында критериалды бағалауды қолдану. Біліктілікті арттырудан күтілетін нәтижелерге қол жеткізу деңгейін бағамдау: критериалды бағалау. Қазақ тілі мен әдебиеті сабақтарында критериалды бағалауды қолдану, қалыптастырушы бағалауды жүзеге асыратын тиімді әдіс-тәсілдерді үйрену.

Жиын барысында жаңартылған оқу бағдарламасы бойынша қазақ тілі мен әдебиеті сабақтарында  қарастырылған қалыптастырушы бағалау мен бағалауды жүзеге асыратын тиімді әдіс-тәсілдер кеңінен талқыланды.