Біздің әлеуметтік желідегі парақшаларымыз

Балаларды ерте дамыту бойынша педагогикалық жүйелерінің ғылыми-теориялық және концептуалды негіздері

2019 жылдың  02.09-13.09 аралығында «Өрлеу» БАҰО АҚФ Түркістан облысы  және Шымкент қаласы бойынша ПҚБАИ базасында  «Мектепке дейінгі ұйымда білім беру процесін жобалау» тақырыбында мектепке дейінгі ұйымдардың тәрбиешілеріне арналған біліктілік арттыру курсы басталды.

Курстың мақсаты мектепке дейінгі ұйымдарда білім беру мазмұнын жаңарту жағдайында мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың типтік бағдарламасын жүзеге асыру мәселелері бойынша тәрбиешілерінің кәсіби біліктілігін артыру.

Курс барысында «Балаларды ерте дамыту бойынша педагогикалық жүйелерінің ғылыми-теориялық және концептуалды негіздері (М.Монтессори, М.Ибука, Р.Штайнер және т.б.)  әдістерінің ерекшеліктері тақырыбында  шебер сынып өткізілді. Шебер сыныптың мақсаты: Мектепке дейінгі ұйым педагогтерінің қазіргі білім беру әдістері мен жүйені игерудегі сауаттылығын дамыту.

Біліктілікті арттыру орталығында арнайы жабдықталған Монтессори дәрісханасында топтық жұмыстар арқылы тыңдаушылар Монтессори әдісінің мағынасы туралы ақпаратпен танысты. Монтессори әдісінің мақсаты:  балаларды еркін тәрбиелеп, өмірге бейімдеу; өмірде өз мақсаты бар екенін қалыптастыру; балалардың өзінің үйреніп, өзін дамытуына жаңа мүмкіндіктер беру.
Сабақты қорытындылай келе курс тыңдаушылар балалардың дамуында Монтессори әдісінің маңызы ерекше екендігіне көз жеткізді.

«Инновациялық білім беру және ақпараттық технологиялар» кафедрасының аға оқытушысы Әлімбетова Салтанат Сейтханқызы