Біздің әлеуметтік желідегі парақшаларымыз

Инклюзивті білім беру жағдайында педагогтің кәсіби құзыреттілігі

Мектепке дейінгі ұйымдардың тәрбиешілеріне арналған «Инклюзивті білім беру жағдайында педагогтің кәсіби құзыреттілігі» тақырыбында шебер сынып өткізілді. Шебер сыныпта ерекше білім беруге қажеттілігі бар балалармен педагогикалық қызметті жүзеге асыратын педагогке қойылатын маңызды талап әдептілік пен сыпайылық,  оның ішінде қызметтік ақпарат құпиялылығын және  тәрбиеленушінің жеке құпияларын  (яғни деонтологиялық діл) сақтай білу білігіне назар аударылды.

Жаттығулар арқылы қатысушларға білім беру үдерісінде топтағы барлық  балалардың өзара әрекеттестігі мен түзету-педагогикалық үдерісті ұйымдастыру  мәселелері бойынша кеңестер берілді.

 

«Білім беру процесін психологиялық-педагогикалық сүйемелдеу»

кафедрасының аға оқытушысы З.П. Турсынбаева