Біздің әлеуметтік желідегі парақшаларымыз

Дөңгелек үстел өтті

2019 жылдың 4 қыркүйегінде  «Өрлеу» БАҰО» АҚ филиалы Түркістан облысы және Шымкент қаласы бойынша педагог қызметкерлердің біліктілігін арттыру институтының «Менеджмент және ақпараттық технологиялар» кафедрасының аға оқытушысы, Жангабулова Анардың  ұйымдастыруымен «Қазақ тілі мен әдебиеті сабақтарында критериалды бағалауды қолдану. Біліктілікті арттырудан күтілетін нәтижелерге қол жеткізу деңгейін бағамдау: критериалды бағалау» атты дөңгелек үстел өтті. Дөңгелек үстелге институт қызметкерлері, кафедраның оқытушылары, ұстаздар қатысты.

Мақсаты: Қазақ тілі мен әдебиеті сабақтарында критериалды бағалауды қолдану. Біліктілікті арттырудан күтілетін нәтижелерге қол жеткізу деңгейін бағамдау: критериалды бағалау. Қазақ тілі мен әдебиеті сабақтарында критериалды бағалауды қолдану, қалыптастырушы бағалауды жүзеге асыратын тиімді әдіс-тәсілдерді үйрену.

Жиын барысында жаңартылған оқу бағдарламасы бойынша қазақ тілі мен әдебиеті сабақтарында  қарастырылған қалыптастырушы бағалау мен бағалауды жүзеге асыратын тиімді әдіс-тәсілдер кеңінен талқыланды.

 «Менеджмент және ақпараттық технологиялар» кафедрасының аға оқытушысы Жангабулова А.