Біздің әлеуметтік желідегі парақшаларымыз

ХАБАРЛАНДЫРУ!

«Өрлеу» БАҰО» АҚ филиалы Түркістан облысы және Шымкент қаласы бойынша педагогикалық қызметкерлердің біліктілігін арттыру институты «Инновациялық білім беру және ақпараттық технологиялар» кафедрасының 2019 жылға арналған жоспарына сәйкес Сіздерді  «Қазақстан Республикасы орта білім беру мазмұнын жаңарту аясындағы критериалды бағалау жүйесінің ерекшеліктері» такырыбында фасилитативті облыстық сессияға қатысуға шақырамыз (бұдан әрі — Сессия).

Сессияның өтетін күні: 2019 жылғы 23 қазан, 09-00 (Нұр-Сұлтан уақытымен)

Сессияның өтетін орны. «Өрлеу» біліктілікті арттыру ұлттық орталығы» АҚ филиалы  Түркістан облысы және Шымкент қаласы бойынша педагогикалық қызметкерлердің біліктілігін арттыру институтының АКТ залы.