Біздің әлеуметтік желідегі парақшаларымыз

Дана да дара ұлы Абай

Түркістан облысы, Сайрам ауданы  З.Бабыр атындағы №7жалпы орта мектебінде 2019 жылдың 19.08-13.09.2019ж. аралығында ҚР орта білім мазмұнын жаңарту мақсатында «Қазақ тілі» және «Қазақ әдебиеті» пәні мұғалімдерінің біліктілігін артыруға арналған курс өткізілуде. Курсқа ауданымыздан 30 мұғалімі  қатысты. Курс барысында қазақ халқының ұлы ақыны,әдеби тілінің негізін салушы, аудармашы, сазгер, дана да дара тұлға Абай Құнанбаевтың 175 жылдық мерей тойына орай «ДАРА ДА ДАНА ҰЛЫ АБАЙ» атты шығармашылық кеші өткізілді. Абай мұрасы   – қазақтың ең қасиетті, теңдесі жоқ, алтын қазына. Данышпан ақын Абайдың өнер-білім туралы өсиеттерін, өлеңдерін,аудармаларын, қара сөздерін, мысалдарын паш ету, ақындығы мен сазгерлігін таныту.Шығармашылық кешке бірнеше білікті ұстаздар қатысты.

Кешті бастаған  Сайрам ауданы Ақсукент елді мекені №93 Абылай хан атындағы жалпы орта мектебінің ұстазы Арсланов Пердебек Абай Құнанбаевтың  «Әсемпаз болма әрнеге» өлеңін  мәнерлеп оқудан бастады. Шымкент қаласы М.Тасова атындағы үш тілде оқытатын №12 мектеп-интернатының  қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі А.Н.Алсейтова  Абайдың И.Крыловтан  аударған  «Қарға  мен түлкі» атты  мысалын нақышына келтіре орындады. №57  И. Панфилов атындағы  жалпы орта мектептің қазақ тілі мұғалімі М.Батиров «Мен жазбаймын өлеңді ермек үшін» өлеңін өзбек тілінде оқыса, «Айнабұлақ» негізгі орта мектебінің  мұғалімі  Б.Юсупова Абайдың жетінші қара сөзін шеберлікпен жеткізе білді.

                       

 

С. Рахимов атындағы  жалпы орта мектебінің мұғалімі С.Джалиева табиғат лирикасына байланысты жазылған өлеңін жан тебіренте оқыды. №5 М.Горький атындағы жалпы  орта мектебінің мұғалімі  Г.Ниазалиева Абай Құнанбаевтың «Көзімнің қарасы» деген өлеңін орыс тіліндегі аудармасын әнімен әуелетіп айтты. Шығармашылық кеш дана Абай Құнанбаевтың «Желсіз түнде жарық ай» деген өлеңін хормен бүкіл топтың орындауы арқылы жалғасын тапты.

          Абай мұрасы мәңгілік. «Өлді деуге сия ма айтыңдаршы, өлмейтіндей артына сөз қалдырған»,-дегендей ұлы Абай артына өлмейтұғын сөз,өнеге,өсиет қалдырған, ұрпақтан-ұрпаққа жалғасып, ғасырдан-ғасырға асып, туған халқымен бірге жасаса беретін кемеңгер.Ал осы дана да, дара  Абайдың артына қалдырған мұрасын зерттеп, зерделеу,   жас ұрпақтың бойына сіңіру, оны танып білу, біздің перзенттік парызымыз. Аталған   іс-шара өз деңгейінде өте жақсы өтті.

     «Инновациялық білім беру және ақпараттық технологиялар» кафедрасының аға оқытушысы Керимбекова Ф.К. және 927-топ