Біздің әлеуметтік желідегі парақшаларымыз

«Өлкетану – тарихи таным бастауы» дөңгелек үстелі

2019 жылдың 21 тамызында «Өрлеу» БАҰО» АҚ филиалы Түркістан облысы және Шымкент қаласы бойынша педагог қызметкерлердің біліктілігін арттыру институтының «Менеджмент және ақпараттық технологиялар» кафедрасының аға оқытушысы, т.ғ.к. Гүлзағира Жақсылыққызы Өтеннің  ұйымдастыруымен «Өлкетану – тарихи таным бастауы» атты дөңгелек үстел өтті. Дөңгелек үстелге институт қызметкерлері, кафедраның оқытушылары, ұстаздар қатысты.

Мақсаты: Өлкеміздің табиғатын, халқын, шаруашылығын, тарихы мен мәдениетін, елді мекендерін, оларды зерттеу және т.б. деректерді жинау мен жүйелеу мақсатында тыңдаушылар өлке тарихы туралы ізденіс тақырыптарына орай баяндамаларын оқыту.

     Жиын барысында өлке тарихына байланысты өзекті мәселелер талқыланып, көптеген пікірлер айтылды. Тарих жанашырлары өз сөзінде өсіп келе жатқан жас буынның ел мен жер тарихын тереңдете оқып, қай уақытта да естерінде ұстау керектігін, туған өлкенің әр бір тасы мен тауының, батыры мен биінің бізге берер тағылымы қашан да мол екенін айтты.

    «Менеджмент және ақпараттық технологиялар»

кафедра аға оқытушысы, т.ғ.к Өтен Гулзағира Жақсылыққызы