Біздің әлеуметтік желідегі парақшаларымыз

Латын графикасына көшу жөніндегі мәселелер талқыланды

Білім және ғылым министрлігінің ұйымдастыруымен өткен 2019 жылғы Тамыз конференциясы бағдарламасының аясында «Білім беру жүйесінің латын графикасына көшуі: міндеттері және шешу жолдары» тақырыптық алаңда латын графикасына көшу жөніндегі барлық мәселелер талқыланды. Диалогтық алаң жұмысына Білім және ғылым, Мәдениет және спорт министрлігінің, жалпы орта, техникалық және кәсіптік, жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі және қосымша білім беру ұйымдарының, облыстардың, Нұр-Сұлтан, Алматы және Шымкент қалалары білім басқармаларының әдістемелік кабинеттерінің өкілдері, «Өрлеу» біліктілікті арттыру ұлттық орталығы» акционерлік қоғамының Басқарма Төрағасы Г.К. Ахметова және облыстық филиалдарының басшылары, Ы.Алтынсарин атындағы Ұлттық білім академиясының мамандары, А.Байтұрсынұлы атындағы «Тіл білімі» институты, «Тіл – қазына» ҰҒПО қызметкерлері қатысты. Жиын барысында білім және ғылым саласындағы өзгерістерді басқару мәселелері қаралып, инновациялық идеялар мен бастамалар ұсынылды.