Біздің әлеуметтік желідегі парақшаларымыз

Рахмет саған, Өрлеу!

    ХХІ ғасыр ғылым мен білім ғасыры. Сондықтан әрбір саналы жеке тұлға өз білімін өздіксіз көтеріп отыруға тиіс. Сол мақсатпен мен де өз білімімді көтеру үшін «Өрлеу» мұғалімдер білімін жетілдіру институтына келдім. Мұнда өте жоғары білікті де, білімді мамандардың сабақтарына қатысып өте құнды мағұлматтар алдым. Әсіресе «Білім беру мен басқару» кафедрасының оқытушылары: Медетбекова Меруерт, Ибрагимова Зейне, Батькаева Гүлнара, Арысбаева Жарқынай  және Азибердиева Нағиманың өткізген дәрістері маған өте ұнады.

   Әсіресе өзіміздің топ жетекшіміз Медетбекова Меруерт Асқарбекқызына айтар алғысым мол. Аз уақыттың ішінде ол бізге өте қызықты сабақтарымен, трейнингтерімен бізді өзіне баурап алды және өз білімімізді жетілдіруге үлкен үлесін қосты. Ол кісінің білімділігі, үлкенге деген құрметі, ізеті, мәдениеттілігіөз мамандығының хас шеберлігі кез келген жанмен тіл табысуы маған қатты ұнады. Осы институттың «Білім беру мен басқару» кафедрасының  қызыметкерлеріне шын ниеттен алғысымды білдіремін және олардың қызық та қиын жұмыстарына шығармашылық табыстар тілеп алғысымды білдіремін.