Біздің әлеуметтік желідегі парақшаларымыз

Облыстық дөңгелек үстел

2019 жылдың  14 ҚР өзбектері этномәдени бірлестіктері «Дўстлик» қауымдастығымен бірлесе отырып институт  жоспарына сай  Абай ауданы №114 Т.Бегманова атындағы жалпы орта мектебінің базасында  көптілді және билингвалді білім беру бойынша «SMART көптілді білім беруде жаңа көзқарас, қолжетімді білім» атты облыстық дөңгелек үстел өтті.

Дөңгелек үстелдің мақсаты: “Жол картасының 2015-2020 жылдарға арналған жоспарын” жүзеге асыруға ықпал ету мақсатында   пилоттық және тірек мектептерімен бірлесе отырып көптілді және билингвалді білім беруді дамыту стратегияларын қарастыру және  ақпараттық сүйемелдеу.

Іс-шараға «Өрлеу» БАҰО» АҚФ  Түркістан облысы және Шымкент қаласы бойынша ПҚБАИ қызметкерлері М.Қудайбергенова, М.Мусаева, химия-биология бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінің бақылаушысы Б.Альжан, Қазақстан Республикасы өзбектері этномәдени бірлестіктері «Дўстлик» қауымдастығы төрағасының орынбасарлары Н.Досметова және Б.Турдикулов,   облыстағы пилоттық және тірек мектептерінің басшылары, пән және бастауыш сынып мұғалімдері қатысты.

Дөңгелек үстел барысында ұлттық мектептердегі көптілділік және билингвалді білім беру бойынша іс –тәжірибелер мен бөлісіп, «Үштілділікті дамыту бойынша 2015-2020 жылдарға арналған Жол картасы жоспарын жүзеге асыруға ықпал ету мақсатында институтционалдық қолдау және ақпараттық сүйемелдеу жұмыстары бойынша жоспарлар қарастырылды.

Қорытындылай келе, көптілді және билингвалды білім беру бойынша ұсыныстар қабылданды. Қатысушы мұғалімдердің құзыреттілігі дамып, SMART форматын басшылыққа ала отырып жұмысты жоспарлау және ақпараттық сүйемелдеу бойынша іс шаралар ұйымдастыру  жоспарланды.

 

«Мектепке дейінгі тәрбиелеу және бастауышты оқыту»

кафедрасының аға оқытушысы – М.Мусаева