Біздің әлеуметтік желідегі парақшаларымыз

Республикалық ғылыми-педагогикалық дөңгелек үстел өтті

2019 жылы 12 маусымда М.Әуезов атындағы ОҚМУ базасында  Қазақстан Республикасының педагог-ғалымдардың, «Халықаралық педагогикалық шығармашылық пен ғылымның дамуын қолдау қоры» Қоғамдық қорының, «Өрлеу» БАҰО» АҚ Ф Түркістан облысы және Шымкент қаласы бойынша  ПҚБАИ және  Шымкент қаласының  Білім басқармасының қатысуымен жалпы және кәсіптік-техникалық, сонымен қатар арнайы білім беру мекемелердің әдіскерлер мен ғылыми-әдістемелік бірлестіктердің жетекшілеріне арналған «ИНТЕЛЛЕКТУАЛДЫ  ҚУАТТЫ ЕЛГЕ ЖОЛ – КРЕАТИВТІ ЖАСТАР» және 4K моделі – КРЕАТИВТІЛІКТІ, СЫНИ ОЙЛАУ, БАЙЛАНЫСҚА БЕЙІМДІЛІКТІ, КОМАНДАДА ЖҰМЫС ІСТЕЙ БІЛУГЕ» атты ғылыми-педагогикалық дөңгелек үстел өтті.

Дөңгелек үстелге  институт директорының орынбасары, п.ғ.к. Ергешбаева Шынар Нәлқожақызы қатысып, пленарлық мәжіліс отырысында «Педагогтердің кәсіби өсуі – білім беру сапасын көтерудің басты шарты» тақырыбында баяндама оқыды.

Іс-шара барысында білім беру мазмұнын жаңарту жағдайында педагогтердің кәсіби дамуын, 4К құзыреттілігін арттыру,  жастардың дамуындағы жаңа шығармашылық және педагогикалық идеяларды таныстыру және талқылау, жас ұрпақтың интеллектуалды әлеуетін қалыптастыруға жәрдемдесу, Қазақстан Республикасы жастарының әлеуметтік және мәдени бейімделу мәселелерін шешу жолдары талқыланды.