Біздің әлеуметтік желідегі парақшаларымыз

Хабарландыру!

   Құрметті педагог-ұстаздар! 2015 жылғы институттың жұмыс жоспарына сәйкес «Мұғалімнің кәсіби дамуын педагогикалық-психологиялық сүйемелдеу» кафедрасының меңгерушісі П.А.Абашева  қашықтықтан on-line режимінде ашық сабақ өткізетінін хабарлаймыз. Ашық сабақтың тақырыбы: ««Кейс-стади» ­- функционалдық сауаттылығын қалыптастыру әдістерінің бірі».

  Ашық сабақ  sabak.kz  (http://elp.kz/) сайтында  UKO Shymkent IPK Orleu бөлмесінде 2015 жылдың 18 қыркүйек күні сағат  10.00 де өткізілетінін хабарлайды. Ашық сабаққа аудандық /қалалық/ білім бөлімдерінің әдіскерлері мен жалпы орта мектептің пән мұғалімдері қатысады.