Біздің әлеуметтік желідегі парақшаларымыз

«Орыс тілі мен әдебиетін оқытуда білім берудің жаңартылған мазмұнын енгізу: мәселелері мен шешу жолдары» тақырыбындағы дөңгелек үстел

12 маусым 2019 жылы  Түркістан облысы Шардара ауданында  «Шардара» мектеп – лицей базасында  орыс тілі мен әдебиеті пәні мұғалімдеріне арналған «Орыс тілі мен әдебиетін оқытуда білім берудің жаңартылған мазмұнын енгізу: мәселелері мен шешу жолдары» тақырыбында дөңгелек үстел өткізілді.

Дөңгелек үстелдің мақсаты:

Қойылған мәселе бойынша пікір спектрін әртүрлі көзқараспен анықтау; проблемамен байланысты түсініксіз сәттерді талқылау; оны шешу тәсілдерін белгілеу

Дөңгелек үстелде қарастырылған мәселелер:

  • ҚР МЖБС жаңа форматты енгізуге педагогтардың кәсіби дайындық деңгейін анықтау;
  • «Орыс тілі мен әдебиеті» пәнін оқытудың жаңартылған бағдарламасының негізгі ережелерін, ұғымдары мен принциптерін білуде педагогтардың зияткерлік, шығармашылық, мәдениеттанушылық және кәсіби құзыреттілігін жандандыру»;
  • топтастықты дамыту, командада жұмыс істей білу, өз көзқарасын дәлелдей білу;
  • педагогтардың жеке қасиеттерін дамыту : кәсіптік жинақылығы (өзгерістерге қабілеттілігі, креативтік) сияқты;
  • орыс тілі мен әдебиетін оқытудың жаңартылған мазмұнын енгізудің негізгі қағидаттары мен ережелері туралы педагогтардың білімін тереңдету.

 «Инновациялық білім беру және ақпараттық технологиялар» кафедрасының  аға оқытушысы, тренер  Бірінші кезекте, Айнабекова З.  «Орыс тілі мен әдебиетін оқытуда білім берудің жаңартылған мазмұнын енгізу: мәселелері мен шешу жолдары» тақырыбындағы баяндамасымен дөңгелек үстелді бастады. Осы баяндама негізінде дөңгелек үстелге қатысушылар, Мәлікайдар М.,  Акылова К, Беденова Б., Дуйсенова А.тақырып  аясында «Жаңартылған білім мазмұнын енгізуде қандай қиындықтар тууда?» -деген сұрақтар төңірегінде ойларын ортаға салып талқылады.

Аталған іс — шара соңында қатысушылар өз ойларымен бөлісіп, туындаған сұрақтарына нақты жауаптар алып,  ұйымдастырғаны үшін тренер  Айнабекова З.А.  алғыстарын білдірді.

 

«Инновациялық білім беру және ақпараттық технологиялар»  кафедрасының  аға оқытушысы З.Айнабекова