Біздің әлеуметтік желідегі парақшаларымыз

Мұғалімнің кітап сөресі

   569 - 0002 Құрметті ұстаздар қауымы, «Өрлеу» БАҰО» АҚФ ОҚО ПҚБАИ кітапханасы «Мұғалімнің кітап сөресі» айдары аясында «Білім. Педагогика ғылымы» саласында соңғы жылдары жарық көрген отандық және шет елдік кітаптармен, әдістемелік құралдармен, мерзімді басылым беттерінде жарияланған мақалалармен танысуға шақырады.

    22.3 я7  Көшеров Ә.Ж. К 65 Физикадан күрделі тест тапсырмаларын шығару тәсілдері. 2-бөлім: әдістемелік көмекші құрал.- Шымкент: Нұрлы бейне, 2015.- 266 б.

  Көмекші құралда 2011-2105 жылдар аралығында физика пәні бойынша талапкерлерге арналған тест тапсырмаларының біршама күрделі делінген есептерінің шығарылу жолдары көрсетілген.

  Еңбек жалпы орта білім беретін мектептің  физика  пәні мұғалімдеріне, жоғары сынып оқушыларына және жалпы физикадан бірыңғай ұлттық тестілеуге қатысатын талапкерлерге арналған.

25   22.3 я7  Көшеров Ә.Ж., Искакова Л.Т. К 65 Физика мен математиканың өзара байланыстары: теориясы және әдістемесі: Әдістемелік оқу құралы.- Шымкент: Нұрлы бейне, 2015.- 312 б.
Оқу құралының бірінші бөлімінде пәнаралық байланыстың жалпы мәселелері: түрлері, әдіс-тәсілдері, мүмкіндіктері, т.б. туралы баяндалған.
Құралдың екінші бөлімінде математика мен физика арасындағы байланыстарды екі пән бойынша ұйымдастырып, өткізудің әдістемелік мүмкіндіктері талданып, пайдалы ұсыныстар берілген. Сондай-ақ математика сабақтарында оқып-үйретілетін ұғымдар мен ережелерді пысықтау және терең түсініп меңгеру мақсатында орындалатын физикалық мазмұнды есептер жинағы екі деңгейде құрастырылып, шығару тәсілдері көрсетілген.
Құрал жалпы орта білім беретін мектептің математика және физика мұғалімдеріне, педагогикалық ЖОО студенттеріне арналған.
 569 - 0001  22.3 я7  Көшеров Ә.Ж. К 65  Физикалық есеп және оны шешудің жалпы әдістері: оқу құралы.-Шымкент: Нұрлы бейне, 2014.- 152 б.

  Оқу құралында физикалық есеп, оларды топтастырудың жолдары және физикалық есепті шешудің әдіс-тәсілдері туралы  теориялық мәліметтер беріліп, нақты физикалық есептерді шешудің әдістемелік тәсілдері көрсетілген. Сондай-ақ есептерді шешу кезінде жиі қолданылатын математикалық аппараттар жиыны берілген.

  Оқу құралы жалпы орта білім беретін мектептің физика пәні мұғалімдеріне, жалпы физика есептерін шығарып үйренем деушілерге арналған.