Біздің әлеуметтік желідегі парақшаларымыз

«Тәуелсіздік – рухани жаңғыру кепілі» тақырыбындағы дөңгелек үстел

Қазақстан Республикасының бірінші Президенті, Елбасы Н.Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласы ел дамуының жарқын үлгісі мен нақты қадамдарын көрсететін келелі ой, салиқалы пікір, батыл шешімдерге құрылған маңызды құжат екендігі баршамызға мәлім. Осыған байланысты, 2019 жылдың 21 мамырында Кентау қаласы, №10 жалпы орта мектеп базасында қазақ тілі мен қазақ әдебиеті пәні мұғалімдеріне арналған «Тәуелсіздік – рухани жаңғыру кепілі» тақырыбында дөңгелек үстел өткізілді.

Іс-шараның мақсаты – Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты мақаласын қолдау және жүзеге асыру, сонымен қатар, еліміздің тәуелсіздік құндылықтары мен ұстанымдарын қастерлеу, оны рухани жаңғырудың негізі ретінде қалыптастыру.

Дөңгелек үстелде қарастырылған мәселелер:

1.Қазақстанның тәуелсіздік қарсаңындағы тарихи жағдайы.

2.Қазақстан халқы Ассамблеясы-елдің тұтастығы мен бірлігі екендігін айқындайтын деректер.

3. Рухани жаңғыру бағытындағы тәуелсіз Қазақстан.

Дөңгелек үстелді алғы сөзбен  «Инновациялық білім беру және ақпараттық технологиялар»  кафедрасының аға оқытушысы, тренер С.Жолшыбекова бастады. Ол өз сөзінде, ұлттық болмыс пен бірегейлікті сақтай отырып, сананы жаңғырту және білімділікке ұмтылу Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» мақаласының өн бойына алтын арқау болып өрілгендігін, сонымен қатар, тәуелсіздік туралы өз ойымен бөлісіп, тәуелсіздіктің құндылықтарын оқу үрдісінде кеңінен пайдалану қажеттілігін  атап өтті.

Дөңгелек үстел барысында тыңдаушылар баяндама оқыды. Тәуелсіздіктің нығаюы, дамыған елге айналуымыз үшін қазақстандықтар алға батыл қадам басып, жоғары технологияларды меңгеруі маңызды екендігі және тәуелсіздіктің әлеуметтік, саяси, заңдық, экономикалық, құқықтық, мәдени және рухани  астарлары кеңінен талқыланды.

Дөңгелек үстелге қатысушылар рухани жаңғыру аясындағы тәуелсіздік туралы өз пікірлерімен бөлісіп, талқылау барысында өз ойларын ашық жеткізе білді.

       «Инновациялық білім беру және ақпараттық технологиялар» кафедрасының аға оқытушысы С.Жолшыбекова