Біздің әлеуметтік желідегі парақшаларымыз

Жаңа білім бағдарламалары, инновациялар және құзыреттілік тәсілдеме- табысты мектепке қадамдар

69 2015 жылдың 19 тамызында «Жаңа білім бағдарламалары, инновациялар және құзыреттілік тәсілдеме- табысты мектепке қадамдар» тақырыбында облыстық педагогикалық тамыз кеңесі болып өтті. Басқару және білім беру сапасы» кафедрасы білім беру ұйымдары басшылары және пилоттық мектеп мұғалімдерінің секциясын жүргізді. Секция жұмысына 68адам қатысты.

   «Өрлеу» БАҰО АҚ ОҚО бойынша ПҚБАИ, «Басқару мен білім беру сапасы» кафедрасының меңгерушісі, ф.ғ.к. М.Медетбекова «Жаңа білім бағдарламалары, инновациялар және құзыреттілік тәсілдеме- табысты мектепке қадамдар» тақырыбындағы облыстық педагогикалық тамыз кеңесінің күн тәртібіндегі мәселелер бойынша кеңеске қатысушыларды таныстырып өтті.

   Бағдарлама бойынша алғашқы «Қазақстан-2050»: қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» Стратегиясының, Президент Н.Ә.Назарбаевтың «Нұрлы жол – болашаққа бастар жол» Жолдауының, Елбасының «Тәуелсіздік толғауы» еңбегінің басым бағыттарын жүзеге асыру қазақстандық білім беру жүйесін модернизациялаудың стратегиялық факторы ретінде» тақырыбында баяндаманы «Өрлеу» БАҰО АҚ ОҚО бойынша ПҚБАИ, «Басқару мен білім беру сапасы» кафедрасының меңгерушісі ф.ғ.к. М.Медетбекова жасады. «Білім беру мазмұнын жаңарту аясында педагогтің кәсіби қалыптасу моделін жүзеге асыру» — жайлы Шымкент қаласы, №3 жом директоры Г.Манапова баяндап, өз ұсыныстарын ортаға салды. Келесі «Орта білім беру мазмұнын жаңарту шеңберінде бастауыш сынып пәндерін оқытудың ғылыми-әдістемелік негіздері» — туралы тақырыпты слайд-презентация арқылы «Басқару мен білім беру сапасы» кафедрасының аға оқытушысы Н.Азбердиева тарқата айтты.

   Деңгейлік бағдарламалар орталығының тренері Б.Төкеев «Бастауыш білім беру мазмұнын жаңарту аясында «Музыка» пәнін оқытудағы жаңа амалдар, әдістер және формалар»- тақырыбында жаңа бағдарламамен таныстырып өтті. «Әдістемелік жұмысты ұйымдастыру бойынша желілік қауымдастықтың рөлі» тақырыбында деңгейлік бағдарламалар орталығының тренері Д.Нарметова айтып өтіп, Шымкент қаласы, №65 мектеп-гимназия директордың ғылыми-әдістемелік жұмыстар жөніндегі орынбасары А.Керімбаева өз мектебінің іс-тәжірибесін жүйелі көрсете білді. Келесі баяндаманы «Назарбаев Зияткерлік мектептері» ДББҰ ПШО Шымкент филиалы қызметкерлері С.Матаева,  Ж.Калыкулова «Бастауыш білім берудің мемлекеттік жалпыға міндетті стандартын апробациялау мониторингісін жүргізу жолдары»- тақырыбында жасады. «Басқару мен білім беру сапасы» кафедрасының аға оқытушысы Егембергенова М. «Білім беру мазмұнын жаңарту аясында «Жаһандық перспективалар мен жобалық жұмыс» пәнін оқытудағы жаңа амалдар, әдістер және формалар»-тақырыбында «Басқару мен білім беру сапасы» кафедрасының аға оқытушысы Пердебаева Р. «Білім беру мазмұнын жаңарту аясында тілдік пәндерді оқытудың ғылыми-әдістемелік негіздері»-тақырыбында слайд-презентация арқылы пилоттық мектеп мұғалімдерінің ой-пікірлерімен ой бөлісті. Іс-тәжірибемен танысқан көпшілік қауым ой бөлісулер мен ұсыныстар айтты.

   Қатысушылар тарапынан бүгінгі кеңесте қаралған мәселелер бойынша тың пікірлер айтыла келіп, Білім беру ұйымдары басшыларына «Жаңа білім бағдарламалары, инновациялар және құзыреттілік тәсілдеме- табысты мектепке қадамдар» тақырыбындағы облыстық педагогикалық тамыз кеңесіндегі қаралған мәселелер жайлы өз ұжымында талқылау тапсырылды және тамыз кеңесінде құнды баяндама жасағаны үшін облыстық білім басқармасы алғыс хаттар ұсынды.

«Басқару мен білім беру сапасы» кафедрасының

 аға оқытушысы  Егембергенова Маржан Ыбрайханқызы