Біздің әлеуметтік желідегі парақшаларымыз

Сындарлы оқыту-мектеп болашағына үш қадам

68 2015 жылы 19 тамызда Қазақстан Республикасының Мемлекеттік хатшысы Г.Н.Әбдіхалықова еліміздің білім беру жүйесінің қызметкерлерімен кездесті. Бұл жиынға Қазақстан Республикасының Білім және Ғылым министрі А.Саринжипов, сонымен қатар, республикамыздың педагогикалық  және ғылыми ұйымдарының басшылары, педагог-новаторлар және ауыл мектептерінің мұғалімдері қатысты.

   Кездесу барысында Елбасының ұсынған Бес институционалдық реформасы аясындағы өзекті мәселелері мен техникалық білім беру, педагогикалық және ғылыми ұйымдарының,  сонымен қатар, ауыл мектептерін дамыту, педагог мәртебесін көтеруге байланысты сұрақтар қарастырылды. Аталмыш іс-шарада «Өрлеу» АҚ БАҰО» ОҚО бойынша ПҚБАИ Деңгейлік бағдарламалар орталығының халықаралық тренері Шойманова Мөлдір Балғабайқызы «Сындарлы оқыту-мектеп болашағына үш қадам» тақырыбында баяндама оқыды.