Біздің әлеуметтік желідегі парақшаларымыз

Отан қорғаушылар және Ұлы Жеңіс күні құтты босын!

Біздің тәуелсіздігіміз бен тұтастығымызды, тыныштығымыз бен бейбіт тірлігімізді қас қақпай күзетіп тұрған, халқымызға қорған болған ұлттық әскеріміздің айбыны арта берсін!

Қадірлі ардагерлерге бейбіт өміріміз бен бақытты болашағымыз үшін алғысымызды білдіреміз!

2019 жылдың 6 мамыр күні институт базасында Отан қорғаушылар мен  Жеңіс күніне арналған салтанатты іс-шара болып өтті. Іс-шара  институт директорының оқу-әдістемелік ісі жөніндегі орынбасары Ш.Ергешбаеваның  ұжымдағы қызметкерлерді  мерекемен құттықтауымен басталды.  Ұлы Отан соғысында ерлікпен   қаза тапқан жауынгерлерді  еске алып, бір минуттық үнсіздік жарияланды. Облыстық опера және балет театрының әншілері  әскери тақырыптағы әндерді орындап, көпшілікті қуанышқа бөледі.  Сондай-ақ мереке барысында ұйымның  ер азаматтары түрлі  номинациялармен марапатталып, «Мерекелік қарбалас»  атты бейне фильм көрсетілді. Мерекелік  шара соңында арнайы әзірленген ас мәзірі ұсынылды.