Біздің әлеуметтік желідегі парақшаларымыз

БАЛАБАҚШАДА ҚОЛДАНЫЛАТЫН МАТЕМАТИКАЛЫҚ  ОЙЫН ТҮРЛЕРІ

Шеберлік сынып тақырыбы: Балабақшада қолданылатын математикалық  ойын түрлері

Мақсаты: Балалардың математикалық дайындық деңгейін көтеру, тәрбиешілердің дамыту тәжірибесі арқылы белсенді қарым-қатынас жүргізу. Балалармен жұмыста қызығушылық, жаңа әдістер мен технологияларды іздеу үшін қызығушылығына жәрдемдесу.

Міндеттері: Білім беру процесінде әдіс-тәсілдермен педагогикалық ойындарды пайдалануға қатысушыларға технологияларды пайдалануға көмектесу.

Көрнекілігі: әртүрлі қолдан жасалған көрнекіліктер, шыны, таяқша, карточкалар.

Әдіс-тәсілдері: көрсету, ойын.
Барысы:

Құрметті апайлар, тәрбиешілер! Менің шеберлік сынып тақырыбым: «Балабақшада қолданылатын математикалық ойын түрлері».

Ойын балалардың оқуға, еңбекке деген белсенділігін арттырудағы басты құрал. Біз барлық оқу іс-әрекетінде балаларды шаттық шеңберге шақырып, көңіл-күйлерін, күш-жігерлерін арттырамыз. Енді сіздерді де шаттық шеңберге шақырып сіздерге де көтеріңкі көңіл –күй және өзімізге күш-жігер жинайық.

Шаттық шеңбері

Қол ұстасып қане біз,

Достасайық енді біз.

Айтарым бар сендерге,

Тез тұрыңдар шеңберге,

Қандай жақсы бір тұру.

Достарменен бір жүру,

Қандай жақсы дос болу.

Құрметті қатысушы тәрбиешілер сіздер мына жердегі конверттерді таңдап, түстерін үш тілде айтып орындарыңызға отыруларыңызға болады. Енді осы конверттегі сіздерге арналған логикалық есептерді орындайсыздар.

  1. Менің атым Қанат. Менің тәтемнің бір ғана інісі бар. Менің тәтемнің інісінің аты кім?
  2. Көшеде екі әкесі, екі баласы және атасы немересімен қыдырып жүр. Көшеде неше адам жүр.
  3. Қараңғы бөлмеде майшам мен лампасы бар. Бірінші не жағасыз?
  4. Айдынның Асқардан бойы ұзын, бірақ Жанаттан кіші. Кім ұзын?
  5. Жанұяда 3 ұл бар. Әрбір ұлдың әкесі бар. Жанұяда неше ұл бар?
  6. Допты лақтырғанда доп сол ізімен қайту үшін оны қалай лақтыру керек?

Енді мен сіздерге математикалық ұғымдарды қалыптастыруда бірнеше ойын түрлерін әдіс-тәсілдерімді көрсетемін.

1-тәсіл: Жіппен жүру арқылы кеңістікті бағдарлап, пішіндерді атау (оң-сол, жоғары-төмен) ұғымдарын қалыптастыру.

Мақсаты: кеңістікті бағдарлау (оң-сол, жоғары-төмен) ұғымдарын қалыптастыру, пішіндерді ажырату.

2-тәсіл: Шыны таяқшада бір сызықпен бір линияда пішіндерді саусақпен бояу арқылы көрсету.

Мақсаты: Пішіндерді ажырату, бұрыштарды анықтау, қол моторикасын дамыту.

3-тәсіл: «Сандар шатасты» ойыны. Жіпті жүргізу арқылы сандарды ретімен қояды.

4-тәсіл: «Ғажайып алаң» тапсырмалары арқылы есептер шығару.

Қорыту.

Меирманова Назипа Егемовна

Шымкент қаласы, №5 «Нұрсәт» бөбекжай-бақшасының I-санатты тәрбиешісі