Біздің әлеуметтік желідегі парақшаларымыз

Ұлы бабаларымыздың көп ғасырлық мұрасы цифрлық өркениет жағдайында

2019 жылғы 21 акпанда«Өрлеу» БАҰО АҚФ Түркістан облысы және Шымкент қаласы  бойынша ПҚБАИ    аға оқытушылары  А. Естемирова және Н Сапарова   «Отырар» қалалық  ғылыми –әмбабаб кітапханасында Елбасы Н Ә Назарбаевтың «Ұлы Далының жеті қыры» атты мақаласын насихаттау мақсатында «Қазақстан-ұлы  даланың қара шыңырағы» атты   танымдық  іс шараға зиялы қауым өкілдері және   мектеп оқушыларымен бірлесе отырып қатысып, тақырып аясында ой-пікірлерімен бөлісті.

Ондағы мақсат:»Рухани жаңғыру» жалпыұлттық бағдарламасының жаңа компоненттері ата-бабаларымыздың көп ғасырлық мұрасының цифрлық өркениет жағдайында түсінікті әрі сұранысқа ие болуын қамтамасыз ете отырып, оны жаңғыртуға ,төл тарихын білетін, бағалайтын және  өткенін мақтан тұтып, бүгінін нақты бағалай білу және болашаққа оң көзқарас таныту – еліміздің табысты болуының кепілі жастар дей келе жас ұрпақ бойына рухани  патриоттық тәрбиені ұштастыра отырып  жалғасын тапты.