Біздің әлеуметтік желідегі парақшаларымыз

«Педагогтың кәсіби құзыреттілігі – өскелең ұрпақты оқыту мен тәрбиелеу» тақырыбындағы апталығының күнделігі

  62 2015 жылдың мамыр айының 25 мен 29 жұлдыздары аралығында «Өрлеу» БАҰО» АҚ филиалы ОҚО бойынша ПҚБАИ «Мұғалімнің кәсіби дамуын педагогикалық-психологиялық сүйемелдеу» кафедрасының ұйымдастыруымен мұғалім қызметін педагогикалық және психологиялық тұрғыдан әдістемелік мазмұнда кешенді және жүйелі қамтамасыз ету мақсатында «Педагогтың кәсіби құзыреттілігі – өскелең ұрпақты оқыту мен тәрбиелеу» тақырыбында апталық ұйымдастырылды.

   Апталықтың алғашқы күні – кафедраның курстық және ғылыми-әдістемелік жұмыстарының көрмесінен басталды. Бұл көрмеде кафедра қызметкерлерінің мектеп педагог-психологтарына, балабақша психологтарына, қызмет көрсету еңбегі мен дене шынықтыру пән мұғалімдеріне, инклюзивті сыныптардың педагогтарына арналған әдістемелік құрал және нұсқаулықтары ұсынылды. 25 мамыр «соңғы қоңырау» білім күнінің аяқталуына орай институт қызметкерлеріне жақсы көңіл күй сыйлау мақсатында «ленталы қоңырау» тарту етіліп, сауалнама алынды. Сауалнама жауаптарын, жылы тілектері мен лебіздерін стикерге жазып, «Тілек ағашына» ілінді.

   Апталықтың алғашқы іс-шарасы ретінде кафедра аға оқытушылары Н.Егенова мен Ж.Копабаеваның ұйымдастырумен «Оқытудың «Үшөлшемді әдістемелік жүйесі ҮӘЖ» педагогикалық технологиясын қолдану негізде сапалы сабақ ұйымдастыру» тақырыбында облыс көлемінде онлайн сабақ өткізілді. Ашық сабақ sabak.kz сайтында UKO Shymkent IPK Orleu бөлмесінде өткізілді.

61   Апталықтың екінші күні 1010-1140 сағат аралығында жасөспірімдердің дамуы мен мінез-құлқында ауытқушылығы бар балалармен жұмыс істеуге, оларды тиімді оқыту мен тəрбиелеуге, психологиялық жəне педагогикалық түзету жұмыстарын енгізуге көмектесу мақсатында кафедра аға оқытушылары Б.Нурходжаева мен Н.Исманованың ұйымдастырумен «Жасөспірімдердің девиантты мінез-құлқын психологиялық-педагогикалық түзету жолдары» тақырыбында дөңгелек үстел өткізілді.

  Ұлттық бірыңғай тестілеу алдында оқушылардың бойындағы стресстің алдын алу мақсатында 1200-1330 сағат аралығында кафедра аға оқытушылары Н.Исманова, Е.Кумбулатов және У.Эштаеваның ұйымдастырумен «Ұлттық бірыңғай тестілеудің психологиялық жағдайларын шешу жолдары» атты дөңгелек үстел өткізілді.

   1720-1850 сағат аралығында кафедра аға оқытушылары Г.Ильясова мен Б.Нурходжаеваның ұйымдастырумен «Мектепке дейінгі жастағы балалардың жеке тұлғасын ойын іс-әрекеті арқылы дамыту» тақырыбында семинар-тренинг өткізілді. Тренингтің мақсаты – мектеп жасына дейінгі балалардың жеке тұлғасын ойын арқылы дамыту жолдары, алған білімдерін өмірде қолдануға дағдылау. Онда тыңдаушылар мүмкіндігі шектеулі оқушылармен қалай жұмыс жасау керектігі және айырмашылықтарын ескере отырып тиімді әдістерін үйренді.

59  Апталықтың үшінші күні, сағат 1010-1140 аралығында кафедра аға оқытушылары З.Турсынбаева мен Д.Тургунованың ұйымдастырумен мүмкіндігі шектеулі ерекше қажеттіліктері бар балалардың білім алуын қамтамасыз ету мақсатында «Мүмкіндігі шектеулі балалардың жарқын болашағы» тақырыбында дөңгелек үстел өткізілді.

  Жалпы педагогикалық технология, педагогикалық жүйе бойынша ұстаздардың білімін дамыту мақсатында 1200-1330 сағат аралығында кафедра аға оқытушысы Ж.Копабаеваның ұйымдастырумен «Педагогикалық технология – педагогикалық жүйе жобасы» тақырыбында шебер-сынып өткізді. Шебер сыныпта оқытудың бүгінгі күні қолданыста көп жүрген СТО, модульдік оқыту, оқытудың үшөлшемді әдістемелік жүйесі технологиялары қамтылды.

   Апталықтың төртінші күні алғашқы әскери дайындық пәні мұғалімдерінің патриоттық деңгейін көтеру, шығармашыл педагогтарды анықтап, оларды қолдау және ынталандыру мақсатында, 1010-1140 сағат аралығында кафедра аға оқытушылары Е.Жуманов пен Е.Кумбулатовтың ұйымдастырумен «Алғашқы әскери дайындық пәнінің үздік оқытушы-ұйымдастырушы –2015» атты әскери патриоттық облыстық байқауы өткізілді.

  1200-1330 сағат аралығында кафедра аға оқытушысы Н.Егенованың ұйымдастырумен мұғалімнің кәсіптік құзіреттілігін арттыру және сабақтың сапасын көтеру мақсатында «Педагогикалық қарым-қатынас арқылы сапалы сабақ ұйымдастыру» тақырыбында ашық сабақ өткізді.

  Апталықтың бесінші күні, бағдарламаға сәйкес сағат 1010-1140 аралығында қазіргі таңда педагогтардың эмоционалды әлсіреуін диагностикалау және алдын-алу әдістерін көрсету мақсатында институт оқытушылары мен курс тыңдаушылары арасында «Педагогикалық кикілжіңді шешу» орталығының бас маманы Г.Айберова, Г.Имашева және кафедра аға оқытушылары А.Жарылкапова, Н.Исманова, Б.Нурходжаева «Педагогтың кәсіби эмоционалды әлсіреуі: мәні, диагностикасы, алдын-алу шаралары» тақыбында дөңгелек үстел өткізді.

  Апталықтың қорытынды іс-шарасы ретінде сағат 1200-1330 аралығында мұғалімдердің жаңа педагогикалық технологияны меңгеруге оң көзқарасын қалыптастыру мақсатында кафедра аға оқытушысы Г.Ильясова «Мектепке дейінгі білім беру жүйесінде педагогикалық технологияларды қолдану» тақырыбында тренинг өткізді.

  Әр күні институт фойесіндегі теледидардан күнделікті өткен іс-шаралардың қорытындысы ретінде бейнеролик жасалынып көрсетіліп отырды.