Біздің әлеуметтік желідегі парақшаларымыз

Ұлттық- танымдық физикалық сайыс

  «Өрлеу» БАҰО» АҚ филиалы ОҚО бойынша ПҚБА институтының «Инновациялық технологиялар мен жаратылыстану-ғылыми (гуманитарлық) пәндерді оқыту әдістемесі» кафедрасының аға оқытушысы п.ғ.к., доцент Э.Ж.Кошеров 2015 жылдың мамыр айының 23 жұлдызында қысқа мерзімді физика пәні бойынша курс тыңдаушыларымен «Ұлттық- танымдық физикалық сайыс» тақырыбында дөңгелек үстел өткізді.

Мақсаты: Физикалық заңдарды, құбылыстарды қазақтың ұлттық-танымдық іс-әрекеттерінен тауып-тани білу, түсініктер беру.
Міндеттері: — Қазақтың ұлттық-танымдық іс-әрекеттерін:
— табиғат құбылыстары туралы нанымдарын;
— астрономиялық құбылыстарға өзіндік түсініктерді;
— физикалық мәні бар мақал-мәтелдерді;
— ауа-райын жөніндегі қазақи болжамдарды;
— өнер бұйымдарындағы физикалық заңдарды;
— ұлттық ойындардағы физикалық заңдар мен құбылыстарды;
— қару-жарақтағы физикалық  заңдылықтарды;
— үй-тұрмысындағы физикалық заңдар мен құбылыстарды;
— шаруашылықтағы физика заңдарын;
— физикалық мазмұнды жұмбақтарды жинақтап, оларға физикалық тұрғыдан түсініктеме беру.

Өзектілігі: Кәзіргі қолданыстағы физика оқулықтарындағы заңдар мен құбылыстардың кейбіреулерін бізің ата-бабаларымыз білген және өз тіршіліктерінде кеңінен қолдануға тырысқан. Міне осылар жөнінде жас жеткіншектерге мәлімет беру қажет, өйткені физика заңдары күнделіктегі адам іс-әрекетінде жиі кездеседі.

Әдістемелік тәсілдер:  аналитикалық, дискуссиялық, ой қозғау,
Көрнекілікпен  жабдықтау: аудио-видео фильм, сауалнама, талқылау сұрақтары  жазылған кестелер.
Дөңгелек үстелдің барысы:
I.Ұйымдастыру ( қатысушыларды орналастыру).
IІ. Курс жетекшісі п.ғ.к., доцент Ә.Көшеров аталған сайыстың ұстаным-ережелерімен таныстарады..
IIІ. Сайыстың түрлерімен таныстыру:
1.Табиғат құбылыстары туралы нанымда;
2.Астрономиялық құбылыстарға өзіндік түсініктемелер;
3.Физикалық мәні бар мақал-мәтелдер;
4.Ауа-райын жөніндегі қазақи болжамдар;
5.Өнер бұйымдарындағы физикалық заңдар;
6.Ұлттық ойындардағы физикалық заңдар мен құбылыстар;
7.Қару-жарақтағы физикалық заңдылықтар;
8.Үй-тұрмысындағы физикалық заңдар мен құбылыстар;
9.Шаруашылықтағы физика заңдар;
10.Физикалық мазмұнды жұмбақтар.
Сабақты қорытындылау.