Біздің әлеуметтік желідегі парақшаларымыз

Байқауға дайындалған қазақ тілі пәнінен «Көп тіл білгім келеді» тақырыбындағы сабақ 

«Өрлеу» БАҰО»  АҚ Қазақстан Республикасы Президентінің  Н.Назарбаевтың 2018 жылғы 10 қаңтардағы «Төртінші өнеркәсәптік революция жағдайындағы дамудың жаңа мүмкіндіктері атты Жолдауын іске асыру аясында «Педагогикалық идеялар панорамасы» тақырыбында Республикалық байқауына    Шымкент қаласы, №42 Хамза атындағы ЖОМ қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі Г.К.Мырзабек үлкен дайындық үстінде жүр. 7  сынып. Қазақ тілі. «Көп тіл білгім келеді» тақырыбындағы сабағына ерекше ықыласпен, жауапкершілікпен ҚМЖ құрастыруда. Мүмкіндігінше өз сабағында қысқа мерзімді жоспар немесе сабақ жоспарын дайындау барысында Гулмира оқушылардың жеке қажеттіліктері мен ерекшеліктерін ескере отырып, саралап оқыту тәсіліне ерекше назар аударуда.     Ол     оқу  материалы  мен  сабақтағы  әрекетті  мұқият  іріктеп, әр сабақтан  кейін     оқушылар  меңгере  алмаған  немесе  түсінбеген  жерлерін  анықтау мақсатында сабақты талдап, рефлексия жасауды да қарастырып отыр.

Мұғалім сабақты  ұйымдастырғанда  оқу  бағдарламасы  мен  оқу  жоспарында  көрсетілген  оқу мақсаттарын басшылыққа алды. Яғни, сабақтың  мақсатын  анық  тұжырымдап,    нақты,  өлшемді,  қолжетімді,  шынайы мақсаттар қою,  орта  мерзімді  жоспарда  көрсетілген  барлық  жаттығуларды,  әдістемелік  кеңестерді,ресурстарды мұқият зерделеді.  Өзге ұлт балаларына мемлекеттік тілдің маңыздылығы аясында құнды ақпарат ұсынуды көздеп отыр.

Сабақты ұсынушы автор білім мазмұнының жаңарту жағдайында мектепте заманауи білім беру технологиялары мен әдістемелерін қолдану бойынша тиімді практикаларын және озық тәжірибелерін  жүйелі қолдануды білетін маман.

Г.Мырзабектің сабағы білім беруді дамытып, озық педагогикалық практикаларға қолжетімділікті қамтамасыз етуге ықпал ететін болады.

«Басқару және білім беру сапасы»  кафедрасының

аға оқытушысы Ж.Арысбаева