Біздің әлеуметтік желідегі парақшаларымыз

Мұғалімнің кітап сөресі

  166Құрметті ұстаздар қауымы, «Өрлеу» БАҰО» АҚФ ОҚО ПҚБАИ кітапханасы «Мұғалімнің кітап сөресі» айдары аясында «Білім. Педагогика ғылымы» саласында соңғы жылдары жарық көрген отандық және шет елдік кітаптармен, әдістемелік құралдармен, мерзімді басылым беттерінде жарияланған мақалалармен танысуға шақырады.

74.204 Мектептегі  әдістемелік жұмыс туралы: әдістемелік құрал / М 26 құраст. Р.Есімханова, А.Панова .- Шымкент: «Өрлеу» БАҰО» АҚФ ОҚО ПҚБАИ, 2013 .- 62б.

    Әдістемелік жұмыс – бұл педагог кадрлардың ғылыми-теориялық, жалпы мәдени, психология-педагогикалық даярлығы мен кәсіби шеберлігін жоғарылатуға бағытталған жүйелі  ұжымдық және жеке қызмет.

   Ұсынылып отырған әдістемелік құралда әдістемелік қызметтің негізгі бағыттары, міндеттері, жаңа формалары, мектептің жалпы әдістемелік тақырыбы бойынша педагогикалық ұжым жұмысы қарастырылған, мектеп әкімшілігіне әдістемелік қызметті  жоспарлау, оны тиімді ұйымдастыру бойынша кеңестер берілген. Әдістемелік құрал мектеп басшыларына, пән мұғалімдеріне арналған.

 

165  74.202 Сабақты талдау түрлері: әдістемелік құрал / құраст. С 12 Р. Есімханова, Ә.Тәңірбергенова .- Шымкент: «Өрлеу» БАҰО» АҚФ ОҚО ПҚБАИ, 2013 .- 72б.

  Ұсынылып отырған әдістемелік құралда қазіргі сабақты талдау түрлері, аатп айтқанда құрылымдық, уақыттық, дидактикалық, психологиялық, педагогикалық, кешенді, т.б. талдау түрлері туралы түсінік берілген. Сонымен қатар жеке оқу пәндері бойынша  талдау ерекшеліктері сипатталған. Сабаққа қатысуға және талдауға қойылатын талаптар қарастырылған.

  Әдістемелік құрал аудандық білім бөлімі әдіскерлеріне, мектеп басшыларына, әдістемелік бірлестік жетекшілеріне, пән мұғалімдеріне оқу-тәрбие үрдісін диагностикалауда көмекші құрал болып табылады.

 

164    74.204 Озық педагогикалық тәжірибені зерттеу, жинақтау және тарату О- 41 әдістері: әдістемелік нұсқаулық /құраст. Р. Есімханова, Д.Орынбасар, Х. Қалиева .- Шымкент: «Өрлеу» БАҰО» АҚФ ОҚО ПҚБАИ, 2014 .- 32б.

  Әдістемелік нұсқаулықта озық педагогикалық тәжірибе, оны зерттеу талаптары, кезеңдері, мерзімдері, жоспарлары туралы мағлұмат берілген. Озық педагогикалық тәжірибенінің белгілері, көрсеткіштері, оны зерттеу, жинақтау және тарату жолдары сипатталған.

  Аудандық білім бөлімі әдіскерлеріне, мектеп басшыларына, әдістемелік бірлестік  жетекшілеріне, пән мұғалімдеріне арналған.