Біздің әлеуметтік желідегі парақшаларымыз

ЕЛІ СҮЙГЕН, ЕЛІН СҮЙГЕН ЕЛБАСЫ

2018 жылдың 30 қараша күні «ӨРЛЕУ» БАҰО»  АҚ Ф Түркістан  облысы және Шымкент қаласы ПҚБА  институтының «Тұлғаны тәрбиелеу және әлеуметтендіру»  кафедрасының ұйымдастыруымен  «1 -желтоқсан ҚР тұңғыш Президенті күніне»  орай «ЕЛІ СҮЙГЕН, ЕЛІН СҮЙГЕН ЕЛБАСЫ» тақырыбында облыстық іс -шара өтті.

Іс-шараның мақсаты: Елімізге   еңсе тіктетіп,мемлекетімізді мығымдап, қазақ  халқы мен өзге де ұлттардың идеяларын бір арнаға тоғыстыру, ұлттық бірегейлікті нығайта отырып, мемлекеттік тұрақтылықты дамыту,мәдени -құндылықтар жолындағы Елбасының атқарған іс-әрекеттерін насихаттау. Өскелең ұрпақты рухани-адамгершілік құндылықтар негізінде тәрбиелеу.

Іс-шара  Мемлекеттік Әнұранмен басталып, Қазақ халқының тұңғыш президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың өмір жолы,   оқып білім алған, қызмет еткен жерлері туралы, қазақ елі үшін жасаған әрбір жылдардағы еңбектері  бейнеролик  ретінде жинақталып, көрсетілді.

«ӨРЛЕУ» БАҰО»  АҚФ  Түркістан  облысы және Шымкент қаласы ПҚБА  институтының директоры, педагогика ғылымдарының докторы, профессор Искакова  Лаура Тұрлыбековна құттықтау сөз сөйледі.

«Тұлғаны тәрбиелеу және әлеуметтендіру»  кафедрасының аға оқытушысы, тарих ғылымдарының кандидаты Байназарова Бағлан Ашимбековна «Елбасымен бірге Тәуелсіздік тұғырын биікке көтерген Ұлы дала» тақырыбында баяндама жасады, институтта   арнайы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың еңбектері қойылған  кітап көрмесі ұйымдастырылды.