Біздің әлеуметтік желідегі парақшаларымыз

Оn-line режимінде ашық сабақ

  56 «Өрлеу» БАҰО» АҚ филиалы ОҚО бойынша ПҚБА институтының жұмыс жоспарына сәйкес 2015 жылдың 15 мамырында «Тұлғаны тәрбиелеу және әлеуметтендіру» кафедрасының аға оқытушысы Естемирова Алия  Махатқызының: «Гендерлік амалдың негізінде оқу –тәрбие үдерісін ұйымдастыру» тақырыбында қашықтықтан on-line режимінде ашық сабақ өткізді. Оn-line режимінде сабақты ұйымдастырудағы мақсатымыз, ұрпақ тәрбиесі-ұлылықтың бастауы, жас ұрпаққа ұлттық құндылықтарымызды бойына сіңіре білуге дағдыландыруда отбасы қарым –қатынастарының этикасы мен психологиясына қатысты мәліметтерді беру, тәрбиені  бүгінгі күн талабымен  байланыстыра отырып, ынтымақтастыққа  шақыру.

Міндеттері:

-Оқушының өзін белгілі бір жыныс өкілі ретінде танытуға қабілеттілігін арттыру;

-Отбасы құндылықтары жайлы ұғымды қалыптастыру;

-Отбасы қарым-қатынастарының этикасы мен психологиясына қатысты мәліметтерді білу;

-Гендерлік ерекшеліктеріне сәйкес психологиялық ерекшелік пен дүниетанымдық білімдерін қалыптастыру.

   Сабақ барысында «Қыз тәрбиесі», «Балалар үйі», «Бүгін қарт жылады» тақырыптарында бейне жазбалар көрсетіліп, бүгінгі күннің өзекті мәселелері талқыланды. Оn-line сабағына Қазығұрт , Мақтарал, Ордабасы, Сарыағаш, Төлеби, Түркістан аудан мектептері қатысып, пікір алмасты. «Адамның адамшылдығы – ақыл,  ғылым, жақсы ата, жақсы ана, жақсы құрбы, жақсы ұстаздан болады» деп Абай атамыз айтқандай, өмірге даярлау тек мектептің ғана емес, әрбір ұстаздың, ата-ананың міндеті деп ашық сабақ қорытындалды.