Біздің әлеуметтік желідегі парақшаларымыз

Өрлей берсін, Өрлеу!

   Оңтүстік Қазақстан облысы бойынша «Өрлеу» біліктілікті арттыру ұлттық орталығы, Акционерлік қоғамының филиалы педагогикалық қызметкерлердің біліктілігін арттыру институтына үнемі, үздіксіз білімімізді арттыруға келіп тұрамыз. «Өрлеу» институты  жылдан-жылға жаңаша әдіс-тәсілдермен жаңарып, атына лайық дамып келеді. Бұрындары келгенімізде қайда баратынымызды білмей, адасып жүретінбіз. Биылғы жылғы шынында ерекше. Ұйымдастыру жұмыстарының  өте күшті деңгейде жолға қойылғанын байқадық. Оған бірден бір дәлел, кіре беріс фаеде үлкен етіп әрбір тыңдаушылардың лауазымы, мамандығына байланысты қай топта, қай аудиторияда, қай кезеңде дәріс алатыны, жетекшілік жасайтын жетекшісі кім?, қоңырау кестесі, сабақ кестесі тайға таңба басқандай етіп жазылып ілінген. Әр ауданнан, әсіресе ауылдан келген әріптестеріміз адаспай, тіпті институтта бұрыннан оқып жүргендей сыңай танытып, тәртіппен өз топтарымен сабаққа еніп кетті. Жетекшіміз Пердебаева Раушан Смадиярқызы бізбен бұрыннан таныс ксідей етене араласып, тобымызды түгендеп, жылы шырай танытып, бізді жақсы қабылдады.

  Осындай ұйымдастыру жұмыстарына біз дән риза болдық. Сәуірдің 27-не сабақ түрлі қажетті дәрістер, бізге керек құжаттар туралы әңгіме басталды. Уақытымыздың қалай тез өтіп бара жатқанын білмейміз. Себебі, әрбір сабақ бізге қызықты, тартымды өтілуде. Сабақ кестесіне қарап отырып, жаңа пәндер енгізілгенін  байқадық. Сабақ бірсарынды  бұрынғыдай лекция түрінде емес, тренинг, тәжірибелік, іскерлік ойын әріптестеріміздің белсенділігін арттырып, бір-бірімізбен пікір алмасып, қызықты да мазмұнды сабақтар өтіп жатыр, апайлардан алатынымыз мол.

  Әрине, мұндай игі істердің басында «Өрлеу» біліктілікті арттыру ұлттық орталығы Оңтүстік Қазақстан облысы бойынша педагогикалық қызметкерлердің біліктілігін арттыру институтының директоры Искакова Лаура Тұрлыбекқызының жаңаша бастауымен, құзыретті басшылығының арқасы деп ойлаймыз.

  30.04.2015ж. Искакова Лаура Тұрлыбекқызы сіз басқарып отырған ұжымға тобымыздың атынан алғысымыз шексіз…  «Басқару мен білім беру сапасы» кафедрасының аға оқытушыларының барлығына, атап айтқанда, кафедра меңгерушісі Медетбекова Меруерт, кураторымыз Р.Пердебаеваға, Б.Бурисоваға, А.Пановаға, Н.Азбердиеваға, Р. Есімхановаға Г.Батькаеваға, И.Абдирахмановаға, А.Тәңірбергеноваға, З.Ибраимоваға, А.Турдалиеваға алғысымыз шексіз. Шығармашылық табыстар тілейміз!

Директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасарларының

курсы тыңдаушыларының атынан

Бөкенова Айжамал Қалмомынқызы, Усербаева Кульзия Инаятовна.