Біздің әлеуметтік желідегі парақшаларымыз

Ұрпаққа ұран болған ұлы есім

173  «ӨРЛЕУ» БАҰО» АҚФ ОҚО педагогикалық қызметкерлердің біліктілігін арттыру институты, «Инновациялық технологиялар мен жаратылыстану-ғылыми (гуманитарлық) пәндерді оқыту әдістемесі» кафедрасы Шымкент қаласының орталықтандырылған көпшілік кітапханалар жүйесімен бірлесе  отырып  28.04.2015 жылы 9 мамыр – Ұлы  Жеңістің 70 жылдығына және Халық қаҺарманы Бауыржан Момышұлының туылғанына 105 жыл толуына орай тарихи танымдық кеш өткізді. Кешке ҰОС ардагерлері А.Қазыбаев, А.Утешов, Ш.Медеуов, Әл-Фараби ауданы ардагерлер кеңесінің төрағасы М.Омаров, М.Әуезов атындағы ОҚМУ оқытушысы, бауыржантанушы, ф.ғ.к., доцент Қ.М.Оразбаев шақырылды. Неміс басқыншыларына тойтарыс берген ҰОС ардагерлері  сонау сұрапыл соғыс жылдарында қолданған тактикаларын, бастан кешірген оқиғаларын өскелең ұрпақпен бөлісіп, елімізде осындай бейбітшіліктің мәңгі болуын тілеп, өзінің өсиеттерін жеткізді.

  Ф.ғ.к., доцент Қ.М.Оразбаев азаматтықтың, патриоттықтың, имандылықтың символы болған Б.Момышұлының өмір  жолы, сұрапыл соғыс жылдарындағы жанқиярлық ерлігі, өжеттігі мен өрлігі, алғырлығы мен көрегендігі – біле білгенге ұлы тәрбие, үлкен өнеге мектебі екенін баян етті. «ӨРЛЕУ» БАҰО» АҚФ ОҚО ПҚБАИ аға оқытушысы Б.Т.Матекова батырдың артына қалдырған өсиет сөздерін топтай келе, тақырып жағынан ауқымы кең екендігіне көпшіліктің көзін жеткізді. М.Х.Сариева әскери өмірбаяндық жайтттарды арқау етіп, ерлікті ту еткен «Москва үшін шайқас» романына тоқталып өтті. Б.Серикова батырдың саналы ғұмыры, ғибратқа  толы  істері, терең мағыналы ойларын арқау еткен Ә.Нұршайықовтың «Ақиқат пен аңызы» роман-сұхбатына талдау жасады.

  Шымкент көлік, коммуникация және жаңа технологиялар колледжінің студенттері ұлтымызға ұран болған батырға арнау ларын оқыды. Кітапхана әдіскері Р.Сұлтанбек танымдық кешті аяқтай келе, кеш қонақтарына сыйлықтар тарту етті. Ұлы Отан соғысындағы олардың ұрпаққа үлгі етерліктей ерлігі тарихта өшпестей із қалдырып, халқымыздың жадында мәңгілік сақталмақ. Отанын оттан қорғап, жеңіс деп жанын шүберекке түйген азаматтардың ерліктері еш ұмытылмақ емес.