Біздің әлеуметтік желідегі парақшаларымыз

Құдайбергенова Майра

Құдайбергенова Майра Бақтыбайқызы — «Өрлеу» БАҰО» АҚ филиалы Түркістан облысы және Шымкент қаласы бойынша педагогикалық қызметкерлердің біліктілігін арттыру институты «Мектепке дейінгі тәрбие мен бастауыш білім беру» кафедрасының меңгерушісі қызметін атқарады.

.

М.Б.Құдайбергенова білім беру мен ғылым саласында 22 жыл еңбек етуде.

2010 жылы «10-сынып оқушыларының сөйлеу мәдениетін қалыптастыра оқытудың әдістемесі (қоғамдық-гуманитарлық бағыты)» тақырыбында кандидаттық диссертациясын Ш.Уәлиханов атындағы Көкшетау мемлекеттік университетінің жанындағы Арнаулы Кеңесте қорғап, Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің Білім және ғылым саласындағы қадағалау және аттестаттау комитетінің 2011 жылғы 30 маусымындағы шешімімен педагогика ғылымдарының кандидаты ғылыми дәрежесі берілді.

Ғылыми жұмысының бағыты бойынша «Томсон Рейтер» компаниясының базасына енгізілген 1 шетелдік импакт-фактор, 4 жақын шетел импакт-фактор журналына мақаласы, 70-тан астам Республикалық, Халықаралық ғылыми-практикалық конференцияларда мақалалары, 4 оқу-әдістемелік, 1 оқу құралы жарық көрген, 6 әдістемелік нұсқаулардың авторы.

2012 жылы республикалық педагогтар форумына қатысып, «Ең үздік оқу-әдістемелік кешен» номинациясы бойынша жүлделі орын иегері.

Майра Бақтыбайқызының ғылыми қызығушылықтарының ауқымы кең. Ол өзінің кәсіби деңгейін үздіксіз жетілдіріп отырады, соның ішінде: «Назарбаев Зияткерлік мектептері» ДББҰ Педагогикалық шеберлік орталығы Кембридждің Халықаралық емтихан кеңесі және Кембридж университетінің Білім беру факультетімен бірлесіп әзірлеген Қазақстан Республикасында орта білім мазмұнын жаңарту аясында қазақ тілі пәні мұғалімдерінің біліктілігін арттыру бағдарламасы бойынша тренерлерді оқыту курсын 2015 жылы Астана қ.өтті.

Біліктілік арттыру жүйесінде жұмыс атқарғалы бері Қазақстан Республикасы білім беру қызметкерлерінің біліктілігін арттыру жүйесін дамытуға және жоғары жетістіктері мен облыстық әлеуметтік-экономикалық дамуына, қоғамдағы достастықты, ұлтаралық келісім мен тұрақтылықты нығайтуға қосқан үлесі үшін ҚР БжҒ министрлігінің, «Өрлеу» БАҰО АҚ Басқармасының Алғыс хаты, Құрмет грамотасы және Оңтүстік Қазақстан облысы әкімінің грамотасымен марапатталған.

М.Б.Құдайбергенова туралы мәлімет «Қазақстан Ғалымдары» энциклопедиясына енгізілген.

М.Б.Құдайбергенова «Нұр Отан» партиясының мүшесі, қоғамдық қызметті белсене атқарады, ұжымда беделді, абыройлы.