Біздің әлеуметтік желідегі парақшаларымыз

Ұлы халықтың Ұлағатты жолы

  35 “Өрлеу” педагог қызметкерлер біліктілігін арттыру институты Оңтүстік Қазақстан облыстық филиалы “Тұлғаны тәрбиелеу және әлеуметтендіру” кафедрасы 20 сәуір мен 25 сәуір аралығында 2015 жылда атаулы өтіп жатқан мерейлі мерекелерге арнап “Ұлы халықтың Ұлағатты жолы” тақырыбында апталық өткізді. Апталықтың ашылуына арнайы халқымыздың жүріп өткен қиын-қыстау күндерінен елеулі егемен таңдарымыз көрсетілген роликтер жасақталды.

  Төлеби ауданы Қазанқап Байболов орта мектебінде 21 сәуір Ұлы Жеңістің 70 жылдығына арналған облыстық жиын өткізіліп, Жас Ұрпақтың Аға өкілмен кездесуі өткізілді. Семинарға облыстық Төтенше жағдайлар басқармасы, облыстық Денсаулық сақтау басқармасы мен аудандық білім бөлімі мамандары қатысып, төтенше жағдайларға дайындық барысын қадағалау ардагерлерге тапсырылды.

  22 сәуір күні Ұлы Отан соғысының ардагері, сұрапыл күндердің куәгері Жақсыбаев Сұрап институтқа шақырылып, “Өшпес ерлік-өнегелі ғұмыр” тақырыбында кейінгі ұрпаққа сол күндердің ақиқаттарын айтып, кеңінен әңгіме жүргізді.

  Кафедраның аға оқытушылары 23 сәуір күні ашық сабақтар өтіп, тақырыптарын Қазақ хандығының 550 жылдығына, Ұлы Жеңістің 70 жылдығына, Қазақстан Халықтары ассамблеясының 20 жылдығына арнады.

  24-Сәуірде институт базасында “Педагог мамандарды дайындайтын жоғары оқу орындары  мен біліктілікті арттыру институты арасындағы өзара байланыстың өзекті мәселелері мен болашағы” тақырыбында облыстық  конференция өтті. Конференцияда педагог мамандарды дайындауда білім беру жүйесін әлемдік стандарттарға сәйкестендіру, мамандықтың жаңа мүмкіндіктерін айқындауда Елбасымыз Н.Назарбаевтың Халыққа Жолдауындағы “Ұлттық бәсекелестік қабілеті бірінші кезекте оның білімділік, тәрбиелік деңгейімен анықталады”-деген сөздерін басты қағидаға ұстанды.