Біздің әлеуметтік желідегі парақшаларымыз

«Жүрек жылуы» атты қайырымдылық акциясы

32 Сәуір айының 23 жұлдызында «Өзін-өзі тану» пәні бойынша курсқа келген курс тыңдауышлары мен топ жетекшісі З.П.Турсынбаеваның ұйымдастырумен ОҚО Білім, жастар саясаты және тілдерді дамыту басқармасының «Кәмілетке толмағандарды бейімдеу орталығына» «Жүрек жылуы» атты қайырымдылық акциясы өткізілді.

  Қайырымдылық акциясының мақсаты– тыңдаушыларға адамгершілік, кішіге қамқорлық көрсету, мейірімділік жасау керек екенін ерекше сезінуге үйрету. Кафедра аға оқытушылары мен «Өзін-өзі тану» пәні бойынша курсқа келген курс тыңдаушылары балаларға сыйлықтар алып таратты (жеміс-жидектер, қаламсаптар мен дәптерлер, ойыншықтар). Балалармен ойындар мен флеш-моб ұйымдастырылды.