Біздің әлеуметтік желідегі парақшаларымыз

Мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту

   2018 жылдың 21-26.05 аралығында «Мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту және бастауыш білім беру мазмұнының сабақтастығын қамтамасыз ету»  тақырыбы бойынша Түркістан қаласында қалалық білім бөліміне қарасты білім беру ұйымдарының мектепалды даярлық топ тәрбиешілеріне, педагогтеріне арналған біліктілікті арттыру курсы  болып өтті. Курстың басты өзекті мәселесі — мектепалды даярлық тобында «Әліппені» оқыту. Ұйымдастырылған курс:
  • «Әліппемен» жұмыс жасауда 5-7 жастағы балалардың психологиялық-педагогикалық ерекшеліктерін есепке алу;
  • «Әліппе» және ОӘК құрылымы, бөлімдері;
  • «Коммуникация» білім беру саласында «Әліппемен» жұмыс жасау әдістемесі;
  • «Әліппені» қолдану арқылы «Тілді дамыту» бөлімі бойынша ұйымдастырылған оқу қызметі;
  • «Әліппені» қолдану арқылы «Сауат ашу негіздері» бөлімі бойынша ұйымдастырылған оқу қызметі тақырыптарымен қамтамасыз етілді.

1

   Курс барысында қызықты тренингтер, дөңгелек үстел, семинар жұмысы және тәжірибелік жұмыстары жүргізіліп, тыңдаушылар жоғарыда көрсетілген тақырыптар төңірегінде өз ой-пікірлерін ортаға салып, тәжірибе бөлісу арқылы кәсіби шеберліктерін шыңдады. Курс соңында мектепалды даярлық топ педагогтері шығармашылық жұмыстарын ұсынды. Нәтиежесінде тыңдаушылар сертификатталды.
А.Бөкешова, «Тұлғаны тәрбиелеу және әлеуметтендіру»
 кафедрасының аға оқытушысы