Біздің әлеуметтік желідегі парақшаларымыз

«Музейге сый» акциясы

   Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаевтың: «Болашаққа бағдар:рухани жаңғыру» тарихи мақаласында «Егемен еліміздің мәдени өмірінде музейлердің орны айрықша. Тарихымызды терең зерттеп, оның тәжірибесінен тағылым алу – Қазақстанда патриотизмді қалыптастырудың, Отанның лайықты азаматтарын тәрбиелеудің басты шарттарының бірі…» –деп атап өткені белгілі.

85

   Осы бағытта «Әзірет Сұлтан» мемлекеттік тарихи-мәдени қорық музейінде  халықаралық музейлер күніне орай «Музейге сый» акциясы өтті. Аталған іс-шараға  «Әзірет Сұлтан» қорық-музейі қорында 2000 жылы жасалған ұзындағы 1,15 см, салмағы 3,5 кг Тұт ағашынан бітеу ойылып жасалған «Ғасыр  ожауы» атауымен сақтаулы жәдігеріміздің авторы – «Өрлеу» БАҰО АҚФ ОҚО бойынша ПҚБА институты «Тұлғаны тәрбиелеу және әлеуметтендіру» кафедрасының меңгерушісі педагогика ғылымдарының кандидаты, «2000-ші жылдың ең үздік қолөнер шебері», ағаштан түйін түйу өнерін меңгерген Айдарбек Бәкіржан Әшірәліұлы  ерекше жәдігерін таныстырып, табыстауға Түркістан қаласына арнайы ат басын бұрып жасаған ожауына арнайылап витрина жасап тапсырды. 

96

   Айдарбек Бәкіржан Әшірәліұлы өз кезегінде ожаудың жасалу тарихына тоқталып, көзінің қарашығындай сақтап отырған қорық-музей ұжымына шексіз алғысын білдірді. 
   Алдағы уақыттарда да акция өз жалғасын табады, ата-бабадан қалған құнды мұраларды музейге әкеліп, жас ұрпаққа насихаттау болып табылыды деп Мұражай басшысының орынбасары С.Үркімбаев «Осындай музей ісіне жанашырлықпен қарайтын көзі ашық, көкірегі ояу азаматарымызға алғыстан басқа айтарымыз жоқ. Құрметті Бәкіржан Әшірәліұлы, ісіңізге толағай табыстар тілей отырып, біздің музейдің атынан, түркістандықтар атынан аз ғана сауғамызды қабыл алуыңызды сұраймын» — деп, ізгі ниетін білдірді.