Біздің әлеуметтік желідегі парақшаларымыз

«Өрлеу» өрлеу үстінде

   Елбасымыз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев «Қазір бой жарыстыратын емес, ой жарыстыратын заман» деген еді бір сөзінде. Дарынды, білімді ұрпақ еліміздің ертеңі екені даусыз. Ел болашағын ойлайтын әр ұстазға жас ұрпақты жан-жақты етіп тәрбиелеуде үлкен жауапкершілік  жүктеледі. Сондай-ақ, ел сенімін ақтаймын деген әрбір мұғалім оқушыларды білім жүйесімен, іскерлікпен, дағдымен қаруландырып қана қоймай, олардың танымдық, шығармашылық қабілетін, ой-өрісін, жалпы алғанда функционалдық сауаттылығын дамытуы тиіс.

   Бүгінгі таңда мұғалімдер қауымына қойылатын талап өте жоғары екендігі мектеп қабырғасында жұмыс істеп жүрген мұғалімдерге ғана емес, бүкіл қоғамға белгілі. Өйткені еліміз қарқынды түрде даму үстінде. Қазір ХХІ ғасырдың оқушыларын таң қалдыру өте қиын. Сондықтан оқушы пассивті жағдайдан, белсенді жағдайға көшуі тиіс. Яғни мұғалім оқушылардың пәнге деген қызығушылығын арттыру үшін өз кезегінде тынбай іздену мен еңбектенуді қажет етеді. Қызығы мен қиыншылығы қатар жүретін педагогикалық әлемде мұғалімге кәсіби шеберлігін дамытуда біліктілікті арттыру курстарының берері көп екені сөзсіз. Біз сондай орталықтың бірі Оңтүстік Қазақстан облысындағы педагогика ғылымдарының докторы, профессор Лаура Тұрлыбекқызы Искакова басқарып отырған «Өрлеу» біліктілікті арттыру ұлттық орталығы» акционерлік қоғамының филиалы ОҚО бойынша педагогикалық қызметкерлердің біліктілігін арттыру институты жайлы айтқымыз келеді. Білімімізді жетілдіру, педагогика саласында болып жатқан өзгерістерге бейімдену, қосымша білім алу мақсатында  институттың жүргізіп жатқан жұмыстарын өте жоғары деңгейде екендігіне көз жеткіздік.

   Институттың ауласынан бастап, оқу кабинеттері, мәжіліс залы, кітапханасы, асханасы барлығы соңғы үлгіде жабдықталып, безендірілуі керемет бір әсер қалдырады. Институт ішіне кіргеннен бастап сізді басқаша бір атмосфера қарсы алып, мұғалім нағыз азықтанатын әлемге енгендей болады. Әрине мұның бәрі өздігінен болмағаны анық. Курсқа келген тыңдаушыларға осыншама әсер алатындай жағдай жасалуына ықпал етіп отырған институт әкімшілігіне «Өрлеу» БАҰО» АҚФ ОҚО бойынша педагогикалық қызметкерлердің біліктілігін арттыру институты әкімшілігін басқарып отырған педагогика ғылымдарының докторы, профессор Лаура Тұрлыбекқызы Искаковаға және педагогика ғылымдарының кандидаты, директордың оқу-әдістемелік ісі жөніндегі орынбасары Шынар Нәлқожақызы Ергешбаеваға айтар алғысымыз шексіз!

   30 наурыз бен 11 сәуір аралығында аталған институттың қабырғасында кезекті курстан өту барысында курсқа келген әрбір тыңдаушыны жылы қабылдап, жақсы қарым-қатынаста болып,  Ақпараттық коммуникациялық технология негізінде дәрістер жүргізген өз мамандықтарына үлкен сүйіспеншілікпен қарайтын, жауапкершіліктері жоғары лекторларды мақтанышпен айтуға болады. Олар топ жетекшісі болған Жангабулова Анар Асылханқызы, Аскарова Айжамал Турганбекқызы, Сариева Мырзайым Хасеновна, Егембергенова Маржан Ыбырайханқызы, лектор Жазықбаева Ұлмекен Палыбекқызы сынды оқытушылар нағыз жанашыр мамандар екендігін атап айтқымыз келеді. Бұл оқытушылар әр тыңдаушының жүрегіне жол тауып, курсқа келген тыңдаушыларға жаңашыл оқыту әдістерін еркін меңгертті және курсқа келген мұғалімдер жан-жақты ой қосып, терең түрде тәжірибе алмасты. Курс барысында көптеген жаңа мағлұматтармен қатар, педагогикалық, психологиялық көмектер алдық.

   Қазіргі таңда қоғам алдына қойылып отырған басты міндеттердің ең бір өзектісі — бүкіл білім жүйесін түбегейлі жаңартып, дүниежүзілік деңгейге сәйкес келетін, жастарға сапалы білім беруге жағдай жасайтын және олардың үйлесімді дамуына, жеке бастың тұлға ретінде қалыптасуына бағытталған жаңа үлгідегі  жұмыстарды жүргізіп отырған институттың ұжымына амандық, барлық игі бастамаларына табыс тілейміз!!! «Өрлеу» тек қана өрлей берсін демекпіз!!!

 

Ізгі тілекпен курс тыңдаушылары:

Шерметов Абдулла Файзуллаұлы –Түркістан қаласы

Зиябек Қасымхан Жұмаханұлы – Бәйдібек ауданы

Адеев Авазбек  Махмутбекович – Сарыағаш ауданы

Усманов Алишер Шайловбекұлы – Төлеби ауданы