Біздің әлеуметтік желідегі парақшаларымыз

«Аялы алақан» қайырымдылық акциясы

 25 «Мектепке дейінгі тәрбие және бастауыш оқыту»  кафедрасының аға оқытушысы Аскарова А.Т.,  «Өзін-өзі тану» курсының тыңдаушыларымен бірге 2015 жылдың 10 сәуірінде Шымкент қаласы №3 балалар үйінің тәрбиеленушілерімен бірге «Аялы алақан» қайырымдылық акциясын өткізді. Акцияға балалар үйінің 4 сынып оқушылары қатысты. Акцияны ұйымдастырушылар балаларға «Бауырсақ» ертегілер әлеміне саяхат, жұмбақтар шешу, үш тілде әндер айтты, түрлі-түсті бояулармен келесі тақырыптарда топтық шығармашылық жұмыстар орындады: «Табиғат – менің өз үйім», «Менің Отаным — Қазақстан», «Жаз жайлауда», «Нұрлы көктем». Соңында «Жүректен-жүрекке» шеңберінде бір-бірімізге «қайырымды жүрек» сыйлау арқылы жылы лебіздер айтылды. Барлық акцияға қатысушы оқушыларға сыйлықтар тарту етілді. Балалар үйіне арнап, «Бөлме гүлдерінің аллеясына» түрлі құмырадағы гүлдер тарту етілді.