Біздің әлеуметтік желідегі парақшаларымыз

Кикілжіңді шешудің әдістері

  23«Мұғалімнің кәсіби дамуын педагогикалық-психологиялық сүйемелдеу» кафедрасының жылдық жоспарына сай 2015 жылдың 31 наурызында «Кикілжіңді шешудің әдістері мен тәсілдері және оны алдын алу стилі» тақырыбында облыстық оқыту семинары өтті.

   Институт базасында өтілген семинарға облыс бойынша жалпы орта мектеп, колледж, балабақша және инклюзивті білім беру сыныптарының психологтары қатысты.  Семинар жұмысы үш секция бойынша жүргізілді:

-«Ертегі терапиясының мектеп жасына дейінгі балалардың психо-эмоционалды күйін реттеудегі маңызы». Кикілжің орталығының бас маманы Г.К.Айберова, «Мұғалімнің кәсіби дамуын педагогикалық-психологиялық сүйемелдеу» кафедрасының аға оқытушылары Б.С.Нұрходжаева, Е.К.Кумбулатов;

-«ПДТ балалармен жүргізілетін оңалту технологиялары». «Мұғалімнің кәсіби дамуын педагогикалық-психологиялық сүйемелдеу» кафедрасының аға оқытушылары З.П.Тұрсынбаева, Д.К.Тургунова, Ұ.А.Эштаева;

-«Баланың психикалық процестерін оңалтуда психотерапия бағыттарын тиімді пайдалану». «Мұғалімнің кәсіби дамуын педагогикалық-психологиялық сүйемелдеу» кафедрасының аға оқытушылары А.Ш.Жарылкапова, Н.Е.Исманова.

   Әр секцияда қазіргі таңдағы  көкейкесті мәселелер бойынша институт мамандары қатысушы педагог-психологтармен семинар-тренингтер өткізілді. Баяндамашылардың іс-тәжірибесімен танысқан семинарға қатысушылар нәтижесінде психотерапиядағы әдісті таңдау қағидаларын, мінез-құлық терапиясы, холотроптық тыныс алу, еркін тыныс алу, медитативтік техника, гештальттерапия, нарративті терапия, холлдинг терапия, танатотерапия, жанасу терапия, ертегі терапиясын тәжірибеде қолдану заңдылықтарын меңгерді. Семинар соңында қатысушылар сертификатқа иеленді.