Біздің әлеуметтік желідегі парақшаларымыз

Оқушылардың функционалдық оқу сауаттылығын дамыту

 22 «Өрлеу» БАҰО» АҚФ ОҚО ПҚБАИ 2015 жылғы жоспарына сәйкес “Инновациялық технологиялар мен жаратылыстану ғылыми (гуманитарлық) пәндерді оқыту әдістемесі” кафедрасы наурыз айының 31-ші жұлдызында  қазақ, орыс тілі мен әдебиеті пәндері мұғалімдері үшін «PISA халықаралық зерттеуін жүргізу аясында оқушылардың функционалдық оқу сауаттылығын дамыту» тақырыбында  облыстық семинар өткізілді.

 Семинардың мақсаты: мұғалімдердің оқу сауаттылығының кәсіби құзыреттілігін дамытуда PISA бағдарламасы тапсырмаларын құрастыру мен белсенді оқыту стратегияларын меңгерту арқылы оқушыларды дайындаудың жолдарын үйрету. Семинарға облыс мектептерінен 43 қазақ, орыс тілі мен әдебиеті пәні мұғалімдері қатысты. Семинарда PISA бағдарламасының тренерлері: оқу сауаттылығы бағыты бойынша (қазақ тілі мен әдебиеті) Есимханова Р.К., Мухатова О.З., Жангабулова А.; оқу сауаттылығы бағыты бойынша (орыс тілі мен әдебиеті) Дауылбаева Р.С., Сариева М.Х., Бекболаева Г.;  теориялық және практикалық білімдерімен бөлісіп, сонымен қатар бағдарлама бойынша жүргізіп отырған жұмыстарымен таныстырып, пікір алмасты. Шардара ауданы, Т.Айбергенов атындағы мектеп-гимназиясының қазақ тілі мен әдебиеті пән мұғалімі Дүйсенова Н. «Қазақ тілі мен әдебиетін оқыту барысында оқушылардың функционалдық сауаттылығын дамыту» тақырыбында мұғалімдермен тренинг өткізді. Ашетова А.Д. – Сайрам ауданы, №97 жалпы орта мектебінің орыс тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі «Организация педагогического процесса по формированию функциональной грамотности учащихся на уроках русского языка» – баяндама оқып, тренинг өткізді. Абдулхамитова Р., Ерназарова Н. – Түркістан қаласы, №20 жалпы орта мектебінің орыс тілі мен әдебиеті пәні мұғалімдері «Применение стратегии FILA на уроках русского языка и литературы» тақырыбында тренинг өткізді. Семинар соңында барлық қатысушыларға сертификаттар беріліп, белсенділік танытқан мұғалімдер мадақтама қағаздарымен марапатталды.