Біздің әлеуметтік желідегі парақшаларымыз

Жаңартылған білім беру- жаңашылдыққа бастама

    Түлкібас ауданы Т.Рысқұлов ауылы А.Пушкин жалпы орта мектебінде 2018 жылдың 2 сәуірінен бастап Қазақстан Республикасында орта білім мазмұнын жаңарту шеңберінде қазақ тілді мектептердегі «Қазақ тілі» және «Қазақ әдебиеті» пәндері бойынша педагог кадрлардың біліктілігін арттыру курсы өткізіліп жатыр. Біліктілік арттыру курсында  аудандардан келген 26 мұғалім жаңартылған бағдарлама бойынша өз біліктіліктерін арттыруда.

1

   Курстың алғашқы аптасында пән бойынша оқу бағдарламаларының негізгі мақсаты мен мазмұнын сапалы меңгеруді қамтамасыз етуді, функционалдық сауаттылығын қалыптастыруды басшылыққа ала отырып жаңартылған бағдаламалардың мазмұндық ерекшеліктерін, оқу бағдарламасының үйлесімділігін, қазақ тілі мен қазақ әдебиеті пәндерінің басты бағыттарымен танысты. Бағдарламаның міндеттері мен оқу нәтижелерімен танысып критериалды бағалау жүйесін өз тәжірибелеріне қалай қолдану керектігі туралы тапсырмалар мен жаттығулар орындады, кері байланыстар мен тәжірибе алмасулар жасады. Спиральдік оқу бағдарламасы мен критериалды бағадауды, «қазақ тілі» және қазақ әдебиеті» пәндерін оқытудағы тілдік мақсаттардың маңыздылығы туралы топтық тапсырмалар мен жаттығу жұмыстарын жасады. Күнделікті қорытындылау мақсатында «Эссе», «Әріптеске хат», «Білгім келеді…. » т.б. әдістері арқылы кері байланыстар жасалынып, сабақ жоспарларын жасау мен өз тәжірибелеріне енгізуге  қадамдар жасауда.   
Басқару мен білім беру сапасы кафедрасының
аға оқытушысы М.Бименова